«Түркістан уалаятының газеті»

«Түркістан уалаятының газеті»
жеке
блог

Қазақ баспасында елеулі орын алып тұрған баспаның бірі осы «Түркістан уалаяты газеті» . Елеулі орын алып қана қоймай, жалпы орыс не қазақ тілінде ғана емес , жалпы Ресейдің қол астындағы түркі тілдес халыққа арнап шығарылған алғашқы мерзімді баспа. Жалпы бұл газеттің шығу тарихы мен даму тарихы ерекше. Себебі өкіметтің қаржыландыруымен жәнеде өз мақсат-мүдделеріне арнап рұқсаттары берілген баспа еді. Дегенменде баспа ресми және бейресми бағытты ұстанды.  Бұл дегеніміз ресми бағытта патша жарлықтары мен Ресей империясындағы болып жатқан оқиға мен жаңа жарлықтарды баяндап отырған. Бірақ әуелбаста түртіп өткенімдей Ресей империясы «Түркістан уалаяты газетін» қару және қазақ жерін отарлау үшін қолданған еді. Оған дәлел ретінде сол гезетте жарияланған кейбір мақалаларды түртіп өтсек болады. Мысалы: жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен , ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында пайдаланылған жазбаларды айта аламыз.

Ресми бағытын ұғындық, ал енді бейресми бағытына тоқталайық. Бейресми бағытында білімді арттыратын ақпараттар , егіншілік, өнер, салт-дәстүр , шет елдегі ақпараттар,отбасы және әйел теңдігі секілді халық санасын оятатын мақалалар жарық көріп отырған. Түптеп келгенде Француз күріші жайлы ақпараттарда берілген. Бұл дегеніміз газет халық үшін қызмет еткендігінің айқын көрінісі. Газет 1870-1882жыл аралығында 12жыл бойы қызмет етті . Редакторы- Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов болған.

 Шығу тарихын түсіндік . Ендігі газеттің не себеппен жабылғанына тоқталайық. «Түркістан уалаяты» газеті Ресей империясына қарсы жәнеде ашық ақпарат айтқаны оларға ұнамады. Себебі олар бұл газетті өз ойлағандарын, яғни қазақтың шұрайлы жерлерін баспа күшімен тартып алмақ болған . Бірақ газеттің бейресми бөлімінде , «Орыстардың Орта жүзді жаулап алуы», «Оңтүстік Қазақстанның Россияға бодан болуы»  деген секілді мақалалар жарияланып тұрды. Осы себеппенде газет 1882 жылы  ешбір себепсіз,  әрі іс-түссіз жабылып қалуы осы бейресми бөлімде шығарылғын мақалалрмен тікелей байланысты сияқты. Бейресми болсада Ресей ықпалымен тұрған газеттің осындай соңы болғаны өкінішті...

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 

"Журналистика" факультетінің 1курс студенті Қыдырғазықызы Аружан.