ШҚО-да Полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындал

ШҚО-да Полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындал
жеке
блог

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Ербол Бекпаев ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.


Ербол Зарипханұлы құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тумасы. ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебін бітірген.

Қызметін Өскемен қалалық ІІО Октябрь ауданының ІІБ милиционері болып бастаған.


Қызмет еткен жылдары әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Оның ішінде: Өскемен қалалық ІІБ паспорт жұмысы инспекторы, ШҚО ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының визалық жұмыс бөлімінің аға инспекторы, ШҚО ІІБ Көші-қон полициясы басқармасы шетелдіктердің шығуын бақылау және режим тобының аға инспекторы.


2005 жылдан бастап ШҚО ІІД көші-қон полициясының бақылау бөлімінің бастығы.


2010 жылдан бастап ШҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 10 жылдан астам Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасын басқарды.

Полиция полковнигі Ербол Бекпаев ШҚО ПД тылды және қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін болады.