Қазақстандағы білім сапасы

Қазақстандағы білім сапасы
жеке
блог

Ержан Мадина

Екі шет тілі мамандығы, 1-курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)

 

Қазақстандағы білім сапасы

Қазақстан мектептерінде екілік баға алатын оқушы жоқ. Тек үш, төрт, бес деген бағалар ала алады. Мектеп бағдарламасын оқушылардың 5%-ы өте жақсы, 15%-ы жақсы және басқалары қанағаттанарлықтай меңгерген. Білім сапасы бойынша біздің еліміз 93 елдің ішінен 62-інші орында тұр. Ал білім деңгейінен 189 елдің ішінде 35-інші орынды алады. Ең алдыңғы қатарда әрине, АҚШ, Аустралия, Германия, Норвегия, Швеция, Канада, Швейцария. Елімізде жылына 140 000 нан 160 000-ға дейін түлек 11-сыныпты бітіреді. Менің ойымша, біздің басқа мемлекеттерден артта қалуымыздың себебі, біздің оқушылар мен студенттерге өз ойын ашық білдіруге, таңдауға толық мүмкіндік бермейміз, жаңа нәрсе ойлап табуға, жасауға себеп болмаймыз.  Жаттанды сабақты бір жақтаушада айтып береді. Шет елдің оқушылары белсенді, үнемі бір пікірсайыс, клубта сабақтары шулап өтеді. Ал біздің сыныпта, аудиторияда бір жақты, тыныш қана бағдарламамен сабақ жүріп жатады. Мысалы, математика сабағында бір есепті бір ғана жолмен емес, әр түрлі формуланы араластырып, әр қилы жолмен шешуге болады. Бір сарынмен үнемі жүруге болмайды. Яғни, белсенділік пен тәжірибе бізде аз.

 Мектептегі мұғалімдерге келсек, олар үлгерімі нашар оқушыларды барынша 9-сыныптан кейін қууға тырысады. Олар колледжге барып оқиды, біразы бизнес, кәсіп ашып кетеді.  Біразы қайтадан жоғарғы оқу орнына түседі.  Әрине, мұғалімдер оқушылардың ебіне қарай бағыт беруге тырысады. Тағы байқағаным, қазақ мектептерінде сабаққа көп жауап беретін оқушыны біліп алады да, сол оқушыдан ғана сабақ сұрап, оны ғана мақтайды. Ал белсенді емес студенттерді тартудың орнына шеттетіп, қанша сабақ айтса да сол 4,3 деген бағасын қоя береді. Сосын ол оқушылардың жақсы оқуға деген ынтасы жоғалады. Яғни, мұғалім барлық оқушыға бірдей қарап, көңіл бөлу керек. Үлгерімі төмен оқушылармен оларды ызаландырмайтындай жаза қолданып, жұмыс істеуі керек.

Меніңше, білімін тереңдетіп, өз саласында кәсіпқой маман болғысы келетін адам, білімнің алғашқы кезеңінен бастап, яғни 1 немесе 5-сыныптан бастап өте жақсы оқуға тиіс. Себебі, ол білім бәрібір керек болады. Колледж, жоғары оқу орнында бұл жинақталған білімдер сөзсіз қайта кездеседі. Мысалы, мен өзіме математика, геометрияны керек емес деп тек ағылшын тілін ғана жақсы оқыдым. Бірақ математика колледжде де, университте де, магистратурада да кездесті. Яғни, барлық пәнді оқу керек екенін түсіндім. Математика тіпті докторантура тестіне енгізілген. Сондықтан, білім ағынында жүрген әрбір тұлғада білімнің алтын қоры сақталуы қажет.

 Білімді жаттап айтқан емес, түсініп сақтаған есте қалады. Алаш өкілдері мен зиялыларымыз, Абай да, Ыбырай да білімге жақын болған. Шет ел асып оқыған. Абай атамыздың әкесі 15 -16 жасында оны үйлендіреді. Бірақ Абай жігіттік шаққа келгенде білімнің бәрібір керек екенін біліп, білім алуға кіріседі. Үйленіп, балалы болса да оқимын деп шешеді. Білім алу қай шақта да кеш емес. Білімді алып, бірақ оны қолданбаған обал болады.

Біздің елде, зат шығару, ғылым меңгеру жағы жоқтың қасы. СКОПУС базасында 32 000-ға жуық ғылыми журналдар бар. Оның ішінде, АҚШ (12 410), Ұлы Британия (6568), Нидерланд (2031), Германия (1592). Көрші Ресей елі 11-орында тұр. Қазақстандағы білімді қатаң талап етуіші жастар шет елге оқуға және жұмыс істеуге кетуде.  Ең мықты деген дәрігерлер Германияға кетіп, IT мамандары ең ірі Microsoft, Google  компанияларында жұмыс істеп жатыр. Себебі, елдегі білімге, қызметке қанағаттанбайды. Бұның бәрі адамның кішкентай кездегі белсенділігімен байланысты. Ал белсенділік дамуға әкеледі. Oxford, Cambridge университеттеріне белгілі бір жерде лидер болған, іс-шараларда белсенді болған, жүлдесі, сертификаты көп студенттерді алады.

Сондықтан, білім жағынан озу үшін белсенділікті, өзара әрекеттесе білуді, бір-біріне көмектесе білуді, білімдерді түсініп меңгеруді дәріптеуіміз керек деп ойлаймын. Білім әр уақытта қатаң талап етілуі тиіс. Себебі, айналамыздағы әрбір нәрсе әдеп пен білімге байланысты.  Жеке тұлғаның жетілуіне үлкен себеп.