Шебер жазуға машықтанғысы келетін жас журналисттердің назарына
жеке
блог

Шебер жазуға машықтанғысы келетін жас журналисттердің назарына

Оқуды жаңа ғана бітірген жас Қалам қызметке алғаш орналасқан кезде аздап алаңғасарлау болатын. Әлденеге асығамын деп отырып, кейде керекті әріптің орнына керексіз басқа бір әріпті , айтпақ ойын тура жеткізетін бірден бір лайықты сөзді тез таба алмаса, сонымен мағыналас, бірақ жасықтау, жамағайын жадау сөзді ойланбай жазып, ілгері тарта беретін-ді.

Жас қаламның онысын бірден байқаған төртбақтау толық Өшіргіш тәжірибесіз қызметкердің соңына жарық ала түсті.

-       Сен келгелі менің жұмысым көбейіп барады. Жазсаң дұрыстап жаз! Жазбасаң қой! Сен үшін зорығып өлетін жайым жоқ. Білдің бе! – деп ашуланады.

Өшіргіштің бұл құқайы қабілетті, бірақ алаңғасар жас Қаламға қатты батты. Бұдан былай қарай  енді ол,  іштей әбден пісіріп алмай, сөйлем түгілі, бір сөзін қағазға түсірмейтін болды. Осыған байланысты Өшіргіштің де артық жұмысы азая берді, азая берді.

Күндердің бірінде редакцияның бұрынғы тәжірибелі көкжал қызметкерлері тәрізді жас Қалам да жүз пайыз таза жазатын әйгілі авторға айналды. Алғашқыда қуанып жүрген қазымыр Өшіргіш бара-бара мүлдем жұмыссыз қалды.

Шебер жазуға машықтану үшін:

1.Кітапты көп оқу.Әсіресе көркем әдебиетті көп оқу.Нәтижесінде  сөздің маржандарын төгіп-төгіп, қалай көсіліп сөйлеп тұрғаныңызды өзіңіз де аңғармай қаласыз.Сөздік қорды байытатын кітаптарды алдағы уақытта шығарамыз. 

2.Айтпақ ойды тура жеткізетін, бірден бір лайықты сөзді  қолданып отыруға дағдылану.

3.Күнделік жазу.Әсерленген оқиғаларды,естіген әңгімелердің маңызды жерін,қаймағын жазып жүру.