ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 8 қап балықпен ұсталды

ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 8 қап балықпен ұсталды
жеке
блог

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында «Алматы-Өскемен» автожолының 970 шақырымда «Тойота» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Оқиға ақпан айының 7-сі күні түнгі сағат 22:20 шамасында болған. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында Бородулиха ауданының 43 жастағы тұрғыны Көкпекті ауылынан Семей қаласына тиісті құжаттарсыз 8 қап балық тасымалдап бара жатқаны анықталды.

- Келтірілген шығын 213 000 теңгені құрады. Жауап алу барысында балықты Семей барып сатуға үшін апара жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес 43 жастағы ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Ер адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.