ШҚО-да түрме аумағына әлдекім есірткі лақтырмақ болған

ШҚО-да түрме аумағына әлдекім есірткі лақтырмақ болған
жеке
блог

Оқиға Өскемендегі №17 түзету мекемесінің күзету аумағында болған.

Өткен түні​ сағат 21:40 шамасында Өскемендегі №17 түзету мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін ​байқап қалады. Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына баяндап, белгіленген аумаққа жіберілген түзеу мекемесінің ​патрульдік тобы ​күдікті Г.-ны қолға түсіреді. Тексеру барысында ​ұсталған азамат сотталушыларға ​скотчпен​ оралған​ психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
​ баспасөз қызметі бастығы.