«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» үнпарақ мәтіні
блог
Мен Мейрамбек Жанерке Серікқызы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Абай ауылындағы Абай атындағы №138 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысымын. «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» атты балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тұтыну мен таратуға қарсы тұруын дамытуды қолдау үшін өз үндеуімді жолдаймын.
Замандастарым, арман қуған құрдастарым, өзімнің кейінгі келе жатқан қандастарым, бауырларым мен сендерді еліміздің салауатты өмір салтын ұстанған, денсаулығы мықты, сана сезімі озық дамған, денсаулықты қадірлейтін дені сау қоғам құруға шақырамын. Қоғамда белең алып келе жатқан нарсе - нашақорлық. Нашақорлық-бұл 21 ғасырдың әлеуметтік және медициналық мәселесі екені белгілі.
Есірткінің зияны міндетті түрде адам психикасының өзгеруімен сабақтас, ол дөрекіліктен, айналысындағыларға бей-жайлықтан, қатыгездіктен, қарым-қатынас қиындығынан білінеді. Нашақордың қылығы бұл осы сәттегі ләззатқа тәуелді болғаны соншалық, оны төніп келе жатқан қатерді ойлауға мәжбүрлеу мүмкін емес. Белгілі бір уақыттан соң есірткі оған көтеріңкі көңіл-күй үшін емес, салыстырмалы түрдегі қалыпты өзіндік сезімді ұстап тұру үшін қажет болатын сондай сәт туады. Оларсыз өмір мүмкін емес болады.
Есірткі тәуелділік синдромының дамуын шақырып белгілі бір жүйелер мен ми құрылымына спецификалық ықпал етеді. Олар организмінің барлық ішкі азғалары мен жүйелеріне спецификалық әсер қылады.
Әр түрлі ағзалардың токсикалық зақымдалуы тәуелділік синдромының білінуімен тікелей сабақтас еместігін атап көрсету керекАдам организмінің ең қажет қызметтері (функциялары) қалыпты жұмыс істеуін тияды, алайда нашақорға «кәйіпте» жатып бұл проблемаларды ойлауға еш уақыты жоқ.
Ақыр соңында, ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері еш талас тудырмайды
Мен, осы үндеуім арқылы өзіммен қатар ойлайтын жандардың ойын жеткіздім. «Ұрпағымызды нашақорлысыз жарқын болашаққа жетелейміз!»
#есірткігеқарсы#противнаркотиков