Армандағы оқу орны

Армандағы оқу орны
жеке
блог

 Армандағы оқу орны

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университетінің студенті болу кез келген талапкердің арманы десек қателеспейміз. Университет жылдан жылға барлық рейтингтерде өз орның нығайтуда: Ұлттық рейтингте алғашқы орында тұрса, Халықаралық  QS ESSA рейтингте де осы күні әлемнің 800 жоғары білім беру ордаларының қатарында үздік 20 арасынан табылды. 

Оқытудың жоғары сапасы, халықаралық танымалдылық, белсенді ғылыми-зерттеушілік жұмыс, мықты педагогикалық ұжым – бұл қазіргі университетің мақтануға тұрарлық келбеті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқу корпустары, музейлер, спорт кешені, студенттер Сарайы, жайлы жатақханалары, Орта Азиядағы ең үлкен заманауи кітапхана орналасқан кампусымен елдің өзге оқу орындарынан ерекшеленеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті елде алғашқы болып қос дипломды білім беру бағдарламасына көшті.

Университеттің жоғары беделі шет ел студенттерін де тартады.  Біздің университетте Қытай, Үндістан, Онтүстік Корея, Түркия, Жапония, Германия, АҚШ, Испания, Иран, Бразилия, Ауғанстан, Ұлыбритания, Өзбекістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Украина, Түркменстан, Монғолия және тағы басқа елдердің студенттері білім алуда. Әр ел өкілдері біздің университетімізде түрлі факультеттерінде бірлесіп білім алуда. Олардың білім алуға, ғылым шыңын бағындырып, жетістікке жетуге деген құштарлығы жоғары.

ҚазҰУ мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша да еліміздегі ЖОО арасында алғашқы орында тұрғанын да атап өтпеске болмайды. Мемлекеттік гранттармен қатар университетімізде жыл сайын ректор гранттары да тағайындалады.

Қазіргі таңда бағым жанып ҚазҰУ-дың 1-ші курс магистратурасының қос дипломды бағдарламасы бойынша білім алудамын  және өз таңдауыммен мақтанамын. ҚазҰУ-дың түлектері еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленетініне сенімдімін. Бұл тарихи далелденген. Университет түлектерінің арасында көптеген жоғары лауазымды тұлғалар, Қазақ қоғамының элитасын (министрлер, депутаттар, әкімдер, университет ректорлары, ірі өнеркәсіп орындары мен банк басшылары) көре аламыз.

Танымал орыс жазушысы Максим Горький «Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді» деген, осы орайда ҚазҰУде сапалы білім алып, жоғары дәрежелі маман атануға барлық жағдай жасалған.

 

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

филологического факультетінің

1 курс магистранты

Купфер А.В.

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

"Түркітану және тіл теориясы" кафедрасының

доценты, ф.ғ.д. Ибраева Ж.К. ғылыми жетекшілігімен