Қазіргі қазақ радиожурналистикасының қоғамдағы рөлі

блог
Маликқызы М.Б.
«Тұран» университеті
Ғылыми жетекші: Әлміш Ж.Т
Қазіргі қазақ радиожурналистикасының қоғамдағы рөлі
Аннотация
Қазіргі таңдағы қазақ радио журналистикасының прагматикасы. Зерттеу жұмысының мақсаты- радио журналистиканың қоғамдағы мәнін, маңызын, болашағын дәлелді түрде талдау.
Аннотация
Современная прагматика казахской радиожурналистики. Цель исследования –проанализировать сущность, сущность и будущее радиожурналистики в обществе.
Annotation
Modern pragmatics of Kazakh radio journalism. The purpose of the study is to analyze the essence,essence and future of radio journalism in society.
Кілт сөздер: Радиожурналист, интернет радио, жаһандану, әмбебап ақпарат, радиолық стиль, тікелей эфир, радиоақпарат.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша, осы екі қабілетті біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар көңіл-күй сыйлайды, рухани байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат беерді немесе жұбатады, бір күйден екінші күйге жеңіл ауысуға мүмкіндік береді. Негізінде адам өз еркінен тыс табиғи ырғақта өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен ынтасы да ауыспалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.. Бірнеше күйдегі процессте жүретін ,сымсыз толқындар арасындағы күллі әлемге шексіз дыбыс тарататын радиобайланыс құралын-1895ж 7 мамырда жас физик А.Попов ойлап тапты Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты осы табиғи заңдылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Жүз жылда радиожурналистика ғылыми дамып, өзінің негізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгереді. Радиоақпарат таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты үш қасиеті бірінші айтылады және бірауыздан мойындалады. [ 7 ]
Радионың бірінші табиғи қасиеті- жеделдігі. Қалыптасқан бұқаралық ақпарат жүйесінде бірде-бір құрал мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпаратты оқырманға жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, теру, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Алайда ол қымбат техникалық құралдарды қажет ететіндіктен екі телеарнаның бірінің шамасы жете бермейді.осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр. БАҚ қатарына соңғы 10 жылда қосылған интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Оны тұтыну үшін ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке қол жеткізу үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген білгенін тікелей эфирге шығып, баяндай алады. Соңғы кезде кең қолданыстағы ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа бастама әкелді, радионың мүмкіндігін арттырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратты жеткізу мақсатында студия арқылы байланысқа шығып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, интернет те радионың алдына шыға алмайды. Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін, бұқаралық құрал болып қала береді. [8]
Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады. Оны тыңдау үшін арнайы уақыттың қажеті шамалы. Радио әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап, маңызыд саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы болмаса спорт әлеміндегі қызықты мәліметтердің барлығы әуе толқынында тарап жатады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жыңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты ғана қолдайды. Соған орай, сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты болма керек, радионың әртүрлі форматтары көбейді, радио аудиториясы да күрделене түсті. [5 ]
Радионың үшіншібір қасиеті – тыңдарманына психологиялық әсері немесе эмоционалдығы. Адам баласын есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа бұқаарлық ақпарат құралдары еш қайталамайды.адам даусының ырғақтарын, үн реңін текстке толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы –үннен айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді дейді З.Цаперный. Әр адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен «үн тілімен» әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол. Т. Евгеньева : «сөз бен дыбыс адамға шексіз әсер етуге, көңіл-қошын жасауға болатын өте нәзік құралдар» дейді зерттеуші. [ 4 ]
Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды шешуге тура келіп жатады. Соның қатарында стрестік жағдайларды да бастан өткізеді. Нақтырақ айтар болсақ, күнделікті ауыр жұмыстан шаршап келген адам, теледидарды қосса бет жыртысқан адамдар, өмір тауқыметі, ауыртапашылықтар көгілдір экраннан тоқтаусыз көрметіілп жатады. Бұл шаршап тұрған адамға оған әрі кері әсер етеді. Ал радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. [ 5 ]
«Радио өмірден ажырағысыз болып қалды. Бірде-бір оқиға радионың қатысуынсыз өтпейді,» деп жазады «радиослушатель» журналы. Ал миллиондаған шаруаларды қаламмен байланыстырады және деревнядағы мәдени революцияның аса маңызды қаруы болып табылады. Совет заманынан бері қарыштап дамып, келе жатқан радионың болашағы өте зор.
Қазіргі таңдағы «Қазақ » радиосының өзін осыған мысал ретінде ала аламыз.
Қазақ радиосы- 1921 жылдан еліміздегі ең ірі ақпарат жүйесі болып отыр. Ұлттық арна Республика радио тыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай,одан тысқары шет мемлекеттергеде, таралып отыр.Оның ішіне Ресей мен Қытайды,Өзбекстан иен Қырғыз Республикасын жатқыза аламыз.Қазіргі таңда Қазақ радиосының тыңдармандарын бірден баурап алатын бағдарламалар саны 66 жуық. Бағдарламалардың ішінде ең таңдамалы бағдарламалары Бірінші байлық,Аграрлы Қазақсиан,Тема днья,Ән сал like,Әжемнің әнгімесі.Ал, интернет желісіндегі оқырмандар саны 16 есеге өсті. [ 9 ]
Әрине, ерте кездегі «Еңбекші қазақ» жане «Советская степь» атты радиогазеттерді бүгінгі радиохабармен салыстыру мүмкін емес. Хабарлардың арасында Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Т. Ибрагимова, Ж. Елебеков, М.Ержановтардың орындауларында қазақ әндерітыңдаушылардың көңілін баурап радиогазет тартымды бола түсетін . Не дегенмен, радиогазет сол кездегі радио насихаттың негізгі түрі, журналистиканың жаңа саласы-радиопублицистиканың қарлығашы болды. Радиоақпараттың оперативтілігі, әсерлілігі жұртшылық арасында радионың абыройын, маңызын арттыра түседі. [10 ]
Бүгінде халқымыздың мақтанышына айналған ардақты жандар: Ә. Қашаубаев, И: Байзақов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Амманалов, А.Жұбанов, және тағы басқа, Қазақ радиосының бір кездегі қызметкерлері еді. Осындай нар тұлғалардың арқасында қанатын жайған қазақ радиосы бүгінгі күні де халыққа қызмет көрсетуде. Қазақ радиосы “Мир” мемлекетаралық телерадио компаниясымен, “Россия” радиосымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. [11 ]
Журналистика зерттеушісі Ә.Багиров мерзімді басылымдардың әр түрінің арақатынасы мәселесін дәл бейнелейді. Радио күні бойы басқа ақпарат құралдарының бәрін оперативті әрі қысқа, әрі нұсқа жаңалықтармен артқа тастап, әлемде дәл қазір не болып жатқанын жедел хабарлайды. Кешкілік билік телевизияның қолына көшеді, сөйтіп, ал көрнекті картинкалармен бұл оқиғалардың қалай болғанын көзалдыңызға әкеледі. Келесі күні таңертең газеттер бұл оқиғаның не себептен болғанына егжей-тегжейлі талдау жасайды дейді. Әлемнің әр қиырында болып жатқан жаңалықтарды журналистика болмаса қалай естімекпіз?! Сондықтан да радио журналистиканың рөлі де болашағы да жарқын. [ 12 ]
Қорытынды
Радионың аудиториясы –бұқаралық ең бұқаралық аудитория сондықтан оның тіліне деген талап та өте жоғары болуға тиіс. Онда сөздің дәлдігі, анықтығы қажет. Ежелгі гректің бір шешені былай деп үйреткен екен. Сені түсінбеу мүмкін болмайтындай ұғынықтылықпен сөйле. Радиожурналистің жұмысында бәрі де:мазмұны да, хабарлау да , сөз екпіндігі де, оның адрестілігі де маңызды.
Радио бұқаралық қарым-қатынастың функционалдық құралы бола алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрінің өзіндік ерекшелігі туралы алғашқы пікірлер «Новости радио» апталық газетінде айтыла бастады. «Радио кітапты тұтасымен ешбір алмастыра алмайды» деп жазды балалар хабарының редакторы О. Спандияр : -Бірақ радио белгілі бір пәнге , белгілі бір мәселеге итермелейді, қызықтырады, тартады: радио білімнің, поэзияның, музыканың, ойын сауықтың саласына шағын терезе ашады, радио от береді, радио негіз қалайды, ұмтылыс тудырады. Радионы тыңдау арқылы қалың бұқара айналысында болып жатқан өзгерістерден хабардар болады. Міне, радиожурналистканың мәні қайда жатыр десеңізші.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Омашев. – Алматы, 2005 Радио Журналистика [53бет ]
2. Н. Омашев.- Алматы, 1992. Қазақ Радиожурналистикасы [43бет ]
3. Еңбекші қазақ, 1931ж,1 маусым [19]
4. Радиоежегодник- М., 1934, [125-бет,3]
5. Радио в деревне ,1928 №2 [3-бет,12]
6. Әуе таңында-Қазақ радиосы. Жинақ. Алматы ,Нұрлы әлем 2001ж[45бет]
7. Қабылғазина К. Дәуір үні,- Алматы 2003 [32бет]
8. Жақан С. Сөйлеу техникасы-Алматы :Қазақ университеті, 2002[45бет]
9. Құлтөлеу Мұқаш. “Ұлттың үнжариясы ”.- Алматы 2007ж[25бет]
10. “Қазақ ” радиосының бүгіні мен ертеңі “Жас Алаш”,2004ж
11. Н.Омашев. Қазақ журналистикасы 3-том .-Алматы,2008ж[17]
12. Радио сөздігі Алматы. “Білім” 2001ж
13. Беймалли. Д Алматы, 2009 ж.“Азаттың” радиосы[Тарихы мен тәжірбиесі , 64-бет]
14. Садуақасов.А Қазақ радиосының .“Шалқар ”ұлттық бағдарламасы тарихы мен тәжірбиесі 17-бет
15. Журналистика сериясы. №8 2000ж[31]
16. Омашев Н Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін.-Алматы, 2007ж[9;13]
17. Омашев Н “радиожурналистика негіздері ” оқу құралы.Алматы,1983ж
18. Сағымбетов Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз –Алматы,1979ж[43]
19. Ү Уайдин. Журналистік этика. Алматы“Қазақ университеті”,2001ж[43]
20. Тұрсын Қ. Сөз сиқыры. Алматы . Қазақ университеті; 1998ж [112,6]