«Мейірімді жетісу»  еріктілері фронт-кеңсесінің жұмысы

«Мейірімді жетісу»  еріктілері фронт-кеңсесінің жұмысы
жеке
блог

        Алматы облысындағы «Мейірімді жетісу»  еріктілері фронт-кеңсесі жұмыс істеп жатқанына биыл бірінші жыл емес... Волонтерлер жылы аясында құрылған фронт-кеңсе, бүгінде өз жұмысын жандандырып, жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ел президенті тапсырған міндетті үлкен жауапкершілікпен мойындарына алған жетісулық жас-еріктілер, биылғы жылы да ерінбей еңбек етті.
        Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бұл жобасы аясында 100-ден аса көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылып, облыстың барлық аудандарында еріктілердің ұйымдастыруымен 40-қа жуық игі істер жасалды.
        Сонымен қатар, еріктілікті дамытудың 7 бағыты бойынша 300 мың теңгеден 7 грант ойнатылған болатын. Жеңімпаздардың жобалары түрлі әлеуметтік мәселелердің шешімін табу мақсатында жүзеге асырылды, мысалы:
-       BIRGEMIZ: Sabaqtastyq бағыты бойынша, "Ертегілер әлемі" мульттерапия студиясын ұйымдастырып, бүлдіршіндерге Ертегілер әлемін куклалардың қимылдарымен, аниматорлардың көмегімен әсерлі етіп жеткізген болатын;
-       BIRGEMIZ: Umit бағыты бойынша, «Пойск людей» жобасы із-түссіз жоғалған адамдарды іздестіру волонтерлік-жасақтарды оқыту, керек жарақпен жабдықтау жұмыстары жүргізілді;
-       BIRGEMIZ: Qamqor бағыты бойынша Даун синдромы бар баллаларды тарбиелеп отырған отбасыларға психологиялық көмек көрсетіліп, балалармен түрлі мерекелік кештер ұйымдастырылған;
-       BIRGEMIZ: Taza Álem бағыты бойынша: қаланы қараусыз қалған үй жануарлардан тазарту мақсатында, үй жануарларын далаға тастаудың алдын алу мақсатында арнайы жануарларға арналған баспаналардың мекен жайы жазылған, үй жануарлары туралы ақпарат жазылған сайт іске қосылып, үй жануарлары туралы әлеуметтік бейнеролик түсірілген болатын;
-       BIRGEMIZ: Bilim бағыты бойынша: Волонтерлік қызметтің оңай жұмыс емес екенін ескеріп, еріктілердің өзіне де психологиялық көмек және сергіту жұмыстары жүргізілді.
-       BIRGEMIZ: Asyl mura бағыты бойынша, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді;
-       BIRGEMIZ: Saulyq бағыты бойынша, вело-волонтерлік бағыты қолға алынып, курьер-волонтерлер егде жастағы тұрғындардың тапсырысымен азық-түліктерін жеткізіп берді.
        Міне, осылайша, облыс еріктілерінің ерен еңбектерінің арқасында елдің еңсесі тіктеліп, тұрмысы біраз жақсармақ. Алдағы уақытта Алматы облысында мұндай игі істер жалғасын табатын болады.