ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
жеке
блог

“Егер сіз күн сайын жаңа нәрсені үйренсеңіз, өміріңіз әлде қайда керемет болар еді.”  - бұл футбол жұлдызы Лионель Мессидің өз цитаталарының бірі. Биылғы жылдың 9-қарашасында “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” орайӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,География және табиғатты пайдалану факультеті,Картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында “ГК кубогы - 2021” мини-футбол ойындары болып өтті.

Футбол баршамызға белгілі әлемдік ең танымал, әрі табысты да жанкүйерлік көлемінен ең үлкен ойындардың бірі. Сонымен қатар , қаншама жастардың сүйікті ойыны. Осы қарқынды ойын жалғасы ретінде, бұл спорт бәйгесіне 8 команда қатысты. Ойын барысы барлық ережелерді сақтай отыра, жоғарғы деңгейде өткізілді. Жарыс нәтижесінде келесідей командалар жеңіске жетіп, мини-футбол ойының ең үздіктері атанды.

Ерекше ойын көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Олар:

"Ең үздік шабуылшы" — Олжабеков Нұржігіт

"Ең үздік ойыншы" — Сарыпбек Рахат

"Ең үздік қақпашы" — Тастеев Нұрсәт

"Ең үздік қорғаушы" — Диханбай Айбек.

Жүлделі орындарға ие болған командалар:

1 орын — "FC Geodesists" ( 4-курс студенттері)  

2 орын — "Сәттілік"  (4- курс студенттері)  

3 орын — "ГК 2 курстар".

Бұл ойын, біз үшін тарих, қызықты шақ және де ұмытылмас ерекше күн. Ойынға қатысқан барша жандарға алғыс айтамыз және де үздіктерді ұмытпаймыз!

 

 

                         

Пирмахамбет Санжар

Картография және Геоинформатика кафедрасының

4-курс студенті