ӘР АДАМНЫҢ ӨЗ ТАҢДАУЫ – ӨЗІНЕ ИДЕАЛ

ӘР АДАМНЫҢ ӨЗ ТАҢДАУЫ – ӨЗІНЕ ИДЕАЛ
жеке
блог

Менің есімім Салтанат Айтбайқызы. «Елбасымедалі» жобасына қатысуыма себепші болған фактор – короновирус деп санаймын.  Біраз уақыт бұрын мен короновируспен ауырдым, содан кейінденсаулыққа байланысты курс іздей бастадым, алдымнан «Елбасы медалі» бағдарламасы туралы ақпарат шықты және осы жобаға қатысуға өтінім бердім. Жоба барысында тұлға болып қалыптасу үшін өзіме уақыт арнап, өзіммен жұмыс жасап келемін. Осы тұста өзім туралы айтып өткім келеді.

Мен 24 жастағы жас кәсіпкермін. Балалар киіміжәне отбасылық киімді сатумен айналысамын. Негізгі кіндік қаным тамған е рол Түркістаноблысы Келес ауданы Ащыкөл елді мекені. Мектепте жақсы оқыдым. Маған ең ұнайтын пәнҚазақстан тарихы және физикадағы термодинамика заңдары болатын. Бірақ менің таңдауымбиологиядағы генетиканың есептерін шығарғандықалады өзімді сондай түсініксіз әлемнен мағынаіздейтін қасиетім үшін жақсы көремін. Кейде осы қасиетім шыңға кейде мұңға алып барады. 18 жасымда Ұлттық Бірыңғай тестілеуден 125-тен 100 балл жинап, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне оқуға түстім. Ол жердеөте жақсы оқыдым және президенттік стипендияиегері атандым.  Мендегі ерік-жігер арқылы білімдіқолдануға көңіл бөлетінмін. 2019 жылы Атамекенкәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған байқауға қатысып, «Жас Кәсіпкер» сертификатын алдым. Жеке кәсіпкерлік жолы басталды, ол кездемамандық бойынша ИП ашқан болатынмын. Олжұмысты да жасадым. Жылдар өте келе әкеммен бірге жұмыс жасап, содан кейін арманымдыорындау үшін Алматыға қайта келдім. Мен үшінмемлекетке қызмет ету ол - ҚР азаматы мен азаматшаларына адал, риясыз жұмыс істеу.  Сондықтан, мен 2021 жылы қыркүйек айынан өзкәсібімді бастадым. Қазіргі кәсібім - Идеал-IDEAL компаниясы. Болашақта Қазақстан брендіменәлемді мойындата алатыныма сенемін. Мендегімиссия - ӘР АДАМНЫҢ ӨЗ ТАҢДАУЫ ӨЗІНЕ ИДЕАЛ. Түркия матасын цехтағы өзіміздің қыздартігеді. Жеткізу қызметін өзіміз алған Қазақстандағыонлайн магазинге айналдырдық. Барлық жұмысты жасайтын өзіміз. Сондықтан барлығын біріншіөзімізге қолдану керек. «Елбасы медалі» жобасының тигізген пайдасы – тұлғалық дамуыма уақыт бөліп, жұмысымнан бөлек сүйікті хоббилермен, спортпен айналысуды және қоғамдық жұмыстарға ат салысуды дағдыға айналдыруым деп есептеймін. Ерлік жасау - ол менің қолымдаемес, жүрегімде екенін ұқтырғандай.

 

 

                            Салтанат Айтбайқызы