ЖАСТАРДЫҢ ІСІ КӨПКЕ ҮЛГІ

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған жастың бірі - Шалабаева Гаухар.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған жастың бірі - Шалабаева Гаухар

Шалабаева Гаухар Мақсұтқызы - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот отырысының хатшысы болып жұмыс істейді. Тек кәсіби салада ғана емес, кейіпкеріміз отбасының ұйытқысы, екі тамаша баланың анасы. Кемелдіктің шегі жоқ, адам жан-жақты дамуы керек. Соңғы 6 айда ол "Елбасы медалі" жобасына қатысуда. "Елбасы медалі" жобасында «Кітап оқу», «Спорт және дене шынықтыру», «Дарынмен дағды», «Еріктілік», «Ұлттық мұра» сияқты бірнеше бағыттар бар. Гаухар осы бағыттар бойынша толық жұмыс жасап, өзін жан-жақты тұлға ретінде көрсете алды. Жоба аясында қатысушы апта сайын орындалған тапсырмалар туралы есептерді жүктеуі тиіс. Кез-келген адам бір бағытта немесе басқа бағытта жетістікке жете алады. Мысалы, Гаухар жобаның арқасында атқа міну және еріктілік сияқты қосымша хоббилерменайналыса бастады, әрі бұл бағыттар Гаухардың көңілінен шыққан. Мақаламыздың кейіпкері бала кезінен жануарларды жақсы көреді, бірақ әрқашан уақытын оқу, жұмыс, отбасы, балаларына арнағандықтан жан-жануарларға көңіл бөлуге, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндігі бола бермегенін, бірақ осы жобаның арқасында сүйікті ісімен шұғылдануға уақыт пен мүмкіндік пайда болғанын айтады. Қазір ол "Елбасы медалі" жобасының ең белсенді және табысты қатысушысы, өйткені Гаухар әр апта сайын өзіне сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді, өзіне уақыт бөледі, атқа мінуді үйреніп, қоғамдық жұмыстармен айналысып, басқаларға көмектесуге де үлгеруде. Гаухардың пікірінше, «адам - шынымен бақытты болу үшін, өзінің не істеу керектігін түсінуі керек». Мақаламыздың кейіпкері өзінің жаны сүйіп жасайтын ісін тапты да.  

"Елбасы медалі" жобасы - болашақ ұрпақты дамытуға бағытталған жастарға арналған пайдалы әрі қолжетімді бағдарлама. Шалабаева Гаухар - басқа да жастар сияқты, Елбасынан медаль алу үшін осы жобаға қатыса бастады, бірақ жоба бойынша өзін дамыта бастағанда, бұл жобадағы ең бастысы – адам өзін таба алатынын түсінді.

 

 

Шұғыла Бурлибаева

 



Бөлісу: