ҚазҰУ студенттері ҚазҰӨА-ның магистранттарымен кездесу ұйымдастыр
жеке
блог

ҚазҰУ студенттері ҚазҰӨА-ның магистранттарымен кездесу ұйымдастыр

     Кездесудің негізгі мақсаты – қос университет арасындағы байланысты нығайту, білім берудің жаңа форматына өту және студенттер арасында пікір алмасу болып табылады. Басқосуға арқау болған «Басқару психологиясы» пәнін тек философия және саясаттану факультетін де ғана емес, сонымен қатар өнер академиясының магистранттары да меңгереді. Осыған байланысты «Жұмыстағы қатынастар типтері бойынша арыз-шағымдар» атты тақырыпта сөз қозғалып, тренингттер жүргізілді, ал жиын соңында өнер академиясының талапты студенттері өз өнерлерін көрсетті. Кешке қатысқан өнер академиясының магистранты, актер Н.Тутов өз сұхбатын «Сабақтардың жаңа форматта өтетіндігі қуантады. Көптеген ой түйеміз» деп қысқаша қайырды.

     Жыл сайын магистранттар арасында түрлі кездесулер ұйымдастыратын профессор Бердибаева С.К. Елбасымыз айтқан білім берудің жаңа форматының мән-маңызы туралы айта келіп, түрлі факультет студенттерінің белгілі бір тақырыпта ой қозғап, пікір алмасуы олар үшін үлкен тәжірибе болғандығын айтты. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, сол себепті тыңғылықты жұмыс істеу, бәсекеге қабілетті болу үшін басқару психологиясы пәнінің берері мол екендігін де алға тартты.