Карантин уақытындағы кино саласы

Карантин уақытындағы кино саласы
жеке
блог

         2020 жылы барша әлем үшін ауыр жыл болды. Адамзат баласының тағдыры 180 градусқа өзгерді. Барша ел 1,5 жылдай үй қамауында отырып, карантиндік шараларды сақтап жүрді. Көптеген сала мамандары тұрғылықты мекенінен айырылып, көлемді соммадағы шығындарға батты. Жұмыссыздық белең алды. Тіпті күнделікті азық-түлігіне ақша таппай қалған адамдар да болды. Алайда осындай қиындықтарға қарамастан халық бәріне төтеп беріп, аман-есен өтіп шықты. Қазіргі жағдай, биылғы жылға қарағанда жақсы болғанымен, пандемиядан кейінгі мәселелер әлі шешіле қоймады.                                                                                                                                    Коронавируста  әртүрлі ойын-сауық кешендері жабылып қалды. Соның бірі кинобизнес саласы. 2020-шы жылдың сәуір айында, Қазақстанның барлық кинотеатрлары жұмыстарын тоқтатты.  Бұл жағдай кино саласында жүрген адамдар үшін оңай болмады. Мәселен, қоғамдық орындарда орналсқан киім, футкорлар және т.б. жұмыс орындары тоқтағанымен, олар карантин уақытында онлайн доставка түріне көшті. Яғни, аса қатты шығынға батқан емес. Ал кинотеатрлардың жағдай тым бөлек.                                                                 

       Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ресми түрде 80 кинотеатр тіркелген. 80 кинотеатрдың барлығы қомақты соммада шығынға батып, келеңсіз жағдайларға тап болды. Тіпті кейбір кәсіпкерлер бизнестерін сатып, басқа салаға кетіп жатқан жағдайларда кездесті. Мәселен, Алматы қаласында сонау КСРО заманынан бері келе жатқан «Сары-Арқа» кинотеатр биыл жабылды. Бұл компанияның ПР директоры Ерлан Бұхарбай осындай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтады, себебі  КСРО-ның қилы заманында дәл қазіргі жағдайға дейін жеткен емес. Сонымен қатар 80 кинотеатрдың жарты бөлігі банктерге қарыз болып, өз несиелерін өтей алмаған екен. Кинотеатр саласының мамандарының жағдайы мәз емес. Тіпті мемлекет тарапынан да көмек сұрап көрген. Алайда олардың жан айқайын билік басшыларына аса жеткен жоқ.                                     2020  жылдың қазан айы, ҚР Денсаулық сақтау министрі, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берді. Бірақ белгілі бір санитарлық талапқа сай. Алайда, кинотеатрларға келушілер саны 30 %-дан аспауы тиіс.

                                                     

       Сонымен қатар, кинозалдардың сеансы кешкі 20:00   ден бастап көрсетілуі тиіс деген болатын. Алайда бұл талаптар, кинобизнес саласының мамандарын аса қанағаттандырған жоқ. Себебі, келушілер саны өте аз болғандықтан кіріс төмен болып, келген шығынды ақтай алмады. Осыған дейін, кинотеатрлардың кірісі әлдеқайда жоғары болатын. Тіпті персоналдарға арнайы премияларда төленетін. Пандемияға дейінгі уақытта, бір апталық кино показы өте жоғарғы көрсеткішті көрсететін. Статистикада көрсетілгендей.                                         

                   2020 жылдың ақпан айындағы көрсеткіш                                           

         Кинотеатрлардың жабылуы отандық кино саласының құлдырауына әкеп соқты. Соңғы екі жылда Қазақстанның кинобизнесі жоғарғы деңгейде дамып жатқан болатын. Әсіресе кассалық кинолар. Бір залдың өзінде 100-ге тарта көрермендер жиналып, залға сыймаған кездерде болатын. Бірақ биылғы жылы   отандық кино саласы бұрынғы қалпына қайтадан келгендей. Соған байланысты көптеген отандық фильмдердің тұсаукесерлері екі жылға шегерілген.       Сонымен қатар, кинотеатрда жұмыс істейтін мамандар да күнделікті табыстарынан айрылды. Алматыдағы ірі кинотеатрларының бірінде 60 адамдық қызметкер орны, 13-ке дейін қысқартылды.

                                          

        Ал Lumiera Cinema атты кинотеатрда бастапқыда 54 адам жұмыс істеп, кейіннен 23 адамға дейін қысқарған. Кейбір адамдар, айлықты кеш алған соң, қарыздарын өтей алмай, үйлерінен айрылып қалған жағдайларда болды. Алайда кейбір кинотеатр басшылары өз қызметкерлерін жоғалтпау үшін 7 ай бойы толықтай айлықтарын төлеп отыратын.                                                         Карантин уақытында үйде отырған халық, өмірінің жарты бөлігін ғаламторда өткізді. Тіпті ғаламторды табыс көзіне айналдырып алған адамдар саны жеткілікті. Әдеттегі өміріне үйренген қоғам таза ауамен серуендеуге, киноға баруға немесе түрлі көрмелерге қатысуды доғарды. Тіпті қазіргі күннің өзінде кинотеатрлар ашылып жатса да, адамдар киноны үйде көруді жөн көреді.  Оған себеп, ғаламтордағы киносайттар. Кино әлемінің қағидасы бойынша, кинокөрсетілімдері алдымен 1 ай бойы кинотеатрларда көрсетіледі. Кейіннен 3-4 айдан кейін, онлайн түрде сайттардан тамашалауға болатын. Бірақ, карантин уақытында kinogo, gidonlain, kinotime және т.б. сынды сайттар кинопрокаттарды шетелдік сайттардан сатып алып, арнайы мамандарды жалдап, өздері дубляждайды. Мерзімінен бұрын шығатын фильмді, кез келген адам еш ақысыз, үйінде отырып-ақ сайттан көре алады. Бұл үрдіс келгеннен бастап, кинобизнес саласын одан әрі қарай құлдыратып жібергендей болды.                                                                                                           Кинотеатрлардың жағдайы карантингі уақытта да, қазір де нашар  болып тұр. Кино бизнесмендері мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Себебі, жағдай осылай жалғаса берсе, болашақта Қазақстанның кино саласы мүлдем дамымай қалуы мүмкін. Себебі, отандық фильмнің дамуы кинобизнес саласымен тікелей байланысты.