Тәуелсіздік – басты құндылығымыз

   Биыл – еліміз іргесін қалап, еңсесін биік көтеріп, талай жылдар аңсаған қастерлі тәуелсіздігін алғанына отыз жыл. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, еліміздің баға жетпес байлығы. Осы егемендік алу жолында, еліміздің бостандығы үшін мыңдаған адамдар шайқасып, көбісі Отанымыздың болашағы үшін құрбан  болды. Бұл бірнеше әріптерден тұратын жәй ғана сөз емес, ол жүректті тебірентіп, көңілден орын тапқан қасиетті, қастерлі ұғым.

   Елімізге егемендік 1991 жылы 16 желтоқсан келді. Бұл күнді тарихи, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні десек болады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.

   Отыз жыл аралығында Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге ие болып, әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Сонымен қатар спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен қатар десек, қатлеспейміз. Қазіргі таңда өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалып жүргенін мақтан тұтып айта аламыз.

   Біз шынайы бақытты жандармыз. Себебі тәуелсіз елдің бесігіде тербеліп, еркін өмір сүріп жатырмыз. Біздің өміріміздегі тыныштық, тұрақтылық, мемлекеттегі бейбітшілік пен келісім – бұл біздің тәуелсіз еліміздің басты жетістіктері. Сондықтан құны қанмен, көз жасымен өлшенетін тәуелсіздігіміздің бағасын біліп, қадір тұтып, оны қырағылықпен, үлкен жауапкершілікпен қорғау – біздің парызымыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, баспа ісі мамандығы студенті

Ғазиз Ұлпан Архатқызы



Бөлісу: