“Дүйсенбілік футбол” спорттық турнирінің жабылу салтанаты өтті

“Дүйсенбілік футбол” спорттық турнирінің жабылу салтанаты өтті
жеке
блог

Спорттық турнирдің мақсаты: Базар жастар арасында дүйсенбілік футбол турнирінің жартылай және финалдық ойындарын өткізу. Базар жастарын салауатты өмір сүруге, спорттық ойындар ойнауға дағдыландыру және Алматы қаласы бойынша жастарға жасалған мүмкіндіктер мен қалалық программалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Аталмыш турнирдің жабылу салтанаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атындағы «Спартак» футбол алаңында өтті.

 

Жабылу салтанытының құрметті қонағы ретінде,

- Ермахан Ибраимов (Алматы қаласы маслихан депутаты, олимпиада чемпионы)

- Серік Есматов (Алматы қаласы маслихат депутаты, параолимпиада чемпионы)

- Бекқайыров Нұрсұлтан (Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы) қатысты.

 

Жоба қортындысы бойынша:

     I орын – Алматы 1 (Шолохов базары) командасы

​​​​    II орын – Балқаш (Арыстан базары) командасы

​​​​    III орын – ТНТ (Зеленый базар) командасы иеленді.

 

Спорттық турнирдің жеңімпаздары естелік сыйлықтар, дипломдар, ақшалай ұтыстар сондай -ақ «Qazaqstan Jastary»ҚҚ кубогымен марапатталды.