Пресс-релиз

Пресс-релиз
жеке
блог

Спорттық турнирдің мақсаты: Базар жастар арасында дүйсенбілік футбол турнирінің жартылай және финалдық ойындарын өткізу. Базар жастарын салауатты өмір сүруге, спорттық ойындар ойнауға дағдыландыру және Алматы қаласы бойынша жастарға жасалған мүмкіндіктер мен қалалық программалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Аталмыш турнирдің ашылу салтанаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атындағы «Спартак» футбол алаңында өтті.

 

Ашылу салтанытының құрметті қонағы ретінде,

- Бисембаев Қайрат Әшірәлиұлы("Nur Otan"партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары)

- Тайтулеев Төлеуғали Мұхаммеджанұлы (алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар коледжнің директоры, алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі)

- Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы (Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы) қатысты.

 

Спорттық турнир соңында, жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табыс етілді және мадақтау қағаздарымен марапатталды.