Медеу мұз айдынында "Суицидсіз келешек !" акциясы өтті.

Медеу мұз айдынында "Суицидсіз келешек !" акциясы өтті.
жеке
блог

2021 жылы 20 қарашада «Өмір – басты құндылық» жобасы аясында Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанаты қолдауы мен Қазақстан Жастар Фракциясының ұйымдастыруымен, Медеу мұз айдынының жанында орналасқан денсаулық баспалдағында "Суицидсіз келешек !" акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты: денсаулық баспалдағында қала тұрғындарына мотивациялы көңіл-күй сыйлау және өмірге деген құлшынысы арттыру болып табылады.

Аталмыш іс – шара ашық аспан астында, Медеу мұз айдынының жанында орналасқан денсаулық баспалдағында өтті. «Jas Otan» Жастар қанаты мен еріктілер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында, қала тұрғындары бірнеше кезеңдерді өтті. 1 кезең – суицид мәселесі бойынша мәлімттермен танысу, 2 кезең – еріктілер қатысушыларға ақпараттық брошюлар таратты, 3 кезең – қатысушылардың осы міселе аясында пікірлерін білу, яғни интервью алынды. Және соңғы кезеңде, «Жүректен жүрекке» атты тақташаға әркім өзінің ізгі тілегімен, жылы лебізімен, өзіндік ойларымен бөлісті. Акция соңында, ұйымдастырушылар белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратып, ерекше сыяпаттар табыс етті.