1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтті
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеуші сотталағандар арасында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күні мерекесіне орай мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының құттықтау сөзімен басталды, әрі қарай мемлекеттік ән ұран орындалды. Мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Мерекелік іс-шараны сотталған ер азаматпен әйел азаматша болып қазақ және орыс тілдерінде жүргізді.

Іс-шарада жазасын өтеуші сотталғандар Е.Аманов, Ж.Байтурова, Г.Атабаева, С.Гумбатова, А.Дауленбаева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы өлең шумақтарын айтып өтті. Сонымен қатар іс-шарада видео-проектор арқылы экранда викториналық сұрақтар қойылып, жазасын өтеуші сотталғандар жауап беріп отырды.

Сотталғандар Д.Давлетченов, С.Гумбатова, А.Абдимуратов, Н.Қызылқұлов «Ана», «Астана», «Бірдана гүл», «Көктудың желбірегені» атты әндерін шырқады.

Жазасын өтеуші сотталғандар Н.Акжигитов, А.Абдимуратов, Н.Жүсіпбаев, К.Турганбаев, А.Юндт «Әр елдің президенті» атты сахналық көрніс көрсетті.

Іс-шара соңында әділет подполковнигі Е.Ағлепесұлы жазасын өтеушілерді 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай өткізілген іс-шараға белсене қатысқан сотталғандарға алғысын білдіріп, келесі күндері яғни 2021 жылдың 30 қараша, 1 желтоқсан күндері спорттық іс-шара өткізілетінін айтты.

ГМ-172/10 мекемесі  әділет майоры  Ғ.Бердишев