Журналистика
жеке
блог

Журналистика

                      Журналистика

  Журналистика-қиындығы мен қызығы қатар жүретін көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық. Бұл мамандық үнемі ізденісте болуды,жаңарып,жасарып отыруды қажет етеді.Журналистика дегеніміз баспа сөздерде жалт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектелмейді. Жалпы ауқымы әлдеқайда кең әрі күрделі.Мысалы: Әлемнің әр шалғайында болып жатқан жағымды ,жағымсыз ақпараттар ,өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді.Менің ойымша журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана боп, әділеттілікті жақтағандары жөн.Жаңа тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден немесе көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп айта салуына да болмайды.

  Журналист шындықты тауып, оны басқаларға жеткізетін адам.Шындыққа бәрі қызығуы керек.Журналисттер әр жылы (әсіресе,ресми тұлғалар туралы) шындықты айтқан сайын, биліктегілерден жауап талап ете бастайды