18 қазан – Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні
жеке
блог

12 қараша 2021 жылы, Талдықорған қаласында, QAZAQSTAN JASTARY»  қоғамдық қоры Талдықорған  қаласының  ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесімен  бірлесе «Қала тұрғындары арасында зайырлы мемлекет қағидаларын түсіндіру, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу» жобасы аясында «18 қазан – Рухани келісім күні» іс-шарасы өткізілді.
         Іс-шара Талдықорған қаласы "Ардагерлер үйі" ғимаратында діни бірлестік жетекшілерімен басқосу жиыны өтті. Жиынға Талдықорған қаласы мәсилхаты аппаратының бөлім басшысы Тимур Қапасұлы, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Нұрлан Байғожанұлы, қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Әділет Рымтайұлы, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен діни бірлестік жетекшілері қатысты.
Шара барысында қала аумағындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде қосқан үлестері үшін діни бірлестік жетекшілерін марапаттау рәсімі өткізіліп, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы мен «Приход Иоанно-Богословского собора» жергілікті православ діни бірлестігінің жетекшісі Матлашов Александр сөз алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Қала әкімі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды кездесудің құрметті қонақтары Тимур Қапасұлы мен Нұрлан Байғожанұлы табыстады