ИМАМ МЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

ИМАМ МЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10  мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталған азаматтарға қатысты, Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, Қарағанды қаласының «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы, Маңғыстау облысы бойынша Ақниет АНОО ҚҚ өкілдігінің теолог консултанты Тулепов Азамат Нугманович және ГМ-172/10 мекемесінің теолог мамандары ұжымдасқан күйде жалпы кездесу іс-шарасы қайта жүргізілді.

         Кездесу барысындағы діни тақырып; «Исламдағы джихад ұғымы».

Ислам дінінде «Алла жолында жиһад ету» ұғымы кең көлемде қолданылатыны бәріне белгілі. Құранда «жиһадқа» байланысты аяттар мен қоса діни ғұламалардың оқулықтарында тәпсірленген уағыз насихаттар бірнеше жерде келгенімен оның барлығы қолға қару алып соғысқа аттану деген мағына емес. Алайда, қасиетті құранның төрт жерде ғана тікелей «соғыс» мағынасында келгені көрсетілген. Оның өзі, бүкіл кәпірлерді қырып жойыңдар немесе бейбіт тұрмыстық халыққа бас салып мал-мүлкін талан-таражға салу, абыройын аяқ-асты ету, жерлерін отарлап еріктерінен айыру, мал-жанын құрбан ету т.б. осы сияқты зұлымдық мақсатында соғысыңдар деген ұғымды білдірмейді. Бәлкім, «жиһад» дұшпанның қастығын тоқтату, әлсіздерге қорған болу, өз нәпсісімен күресу және Алланың дінін қорғау мақсатында шариғатталып тәпсірленген. Сондықтан, ғалымдар «жиһадты» парыз етіп келген аяттың аясынан өзге дін өкілі болса да қару көтермегенін ешбір жанмен жаратылысқа зиян келтірмегені абзал екендігін нақтырақ ұғындырып түсіндіріп жеткізді.

Кездесу барысында, белгіленген жаза мерзімдерін өтеп жатқан әр бір сотталғандарға Ислам дінінің хақ және таза екендігін сондай-ақ, дәстүрлі дінге икемдеу бағытында ҚМДБ-ның келісімімен мақұлданған Абу Ханифа мазхабының дәрежесінің тамыры тереңде екендігін ұғындырып саналы өскелең ұрпаққа Ислам дінін қаз-қалпында жеткізу аманат екендігін түсіндіріп өтті. Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар тарапынан барлығының алған әсерлері оңтайлы нәтежие беріп, Қарағанды қаласының «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлына қол өнер болып табылатын қораптан жасалған «Мешіт» сыйлығы естелік ретінде сыйға тартылды.

Сонымен қатар мекеменің теолог мамандары сотталғандарға қатысты діни іс-шараларды жоспарға сәйкес жалғастырып келуде.