Күн панельдерін асфальт ретінде қолдану.

Күн панельдерін асфальт ретінде қолдану.
жеке
блог

Күн панельдерін асфальт ретінде қолдану өте жақсы жоба деп ойлаймын. Былайша айтқанда екі оқпен бір қоянды ату секілді, бір жағынан жүру жолы, екінші жағынан күн энергиясын өндіріп тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеміз. Осы орайда бұл панельдің ерекшеліктерін тілге тиек ете кетсек, бұл панель беті түзу әрі жылтыр болғанымен арнайы көлік доңғалағымен берік байланысқа түсетіндіктен таймауға негізделген. Одан бөлек күн панельдері өзін жылытатындықтан бұның бетіне мұз қатудан қорғайды.

Кейбір есептеулерге сәйкес, әлемдік жер бетінің шамамен 0,2–0,5 пайызы жолдармен жабылған. Экология үшін бұл пайдалы болмайтыны анық. Күн панельдері де көп орын алады,  сондықтан екі технологияны біріктірсек,  жерді сақтай отырып, экология мен энергетика мәселелерін шеше аламыз.

Жалпы бұл жобаның құрлысына егжей-тегжейлі тоқтала кетсек. Жоғарғы қабат-бұл стандартты асфальтпен ұқсас құрылымдық қасиеттері бар мөлдір бетон. Орталық қабат-бұл "салмақ көтеретін" деп белгіленген күн панельдері. Төменгі қабат күн панельдерін олардың астындағы ылғалды жерден бөлуге арналған

Америкалық ғалымдардың жасаған бір стартапына шолу жүргізсек.Олардың жасаған өлшемі 3,6-дан 3,6 м-ге дейінгі "күн" жолының учаскесі күніне 7,6 кВт / сағ электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл күн панельдері тез сынып қалмай ма деген ой бәрімізді мазалауы мүмкін. Бірақ бұл панель 40 тонна жүк көлігінің салмағын көтере алады

Қорыта айтсақ бұл жобаның бағасы қымбат болғанымен экологиялық таза әрі энергия өндіруге жерді үнемдейміз.

Мақала авторы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қоңыратбай Елбасы Ералыұлы

....