Абайдың жолы-адамшылық жолы.
жеке
блог

Абайдың жолы-адамшылық жолы.

Абайдың жолы-адамшылық жолы.
Лесбай Сырым Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық Университеті
Дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.

"Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ" немесе "Әділетсіз иман да жоқ, адамгершілік те жоқ".
Абайдың азаматтық ерекшелігі адам болу мен адамгершіліктің жолындағы өзіндік танымымен байланысты. Ол адамгершілікті ұғымын ақындық тілінде ғана емес ғылым тұрғыда да жан-жақты сөз етуінде. Ұлы ойшыл Әл-Фараби "Философия үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы" трактатында "Адам өмірден өз орнын табу керек" дей келе, "мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға да қолы жетпейді... " этикадан бастау керектігін айтады. Мұхтар Әуезов Абай туралы : "Ол адамгершілік, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды"-деген ойы сөзімізге дәлел. Абай үшін ақындық мұрат емес, оның ақындығы – ғылыми ислам, адамгершілік жолындағы адами парызы."Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың".
Адам адамның баласы болып қалу үшін – ең әуелі ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек керек. "Жүрек - денедегі бар физикалық процесті реттейтін, басқаратын кесек ет күйіндегі ағза ғана емес, оның негізгі қызметі - руханиятты реттеуші.
Иман, иба мен ізгіліктің орны-жүректе, шапағат пен мейірім де жүрекке
ұялайды. "Ақ жүректі", "жылы жүректі", "жүрекке жол табатын" деп келетін
тіркестердің халық тілінде кең қолданылуы да бекер емес. Ал, жүрегі
қарайған, қатыгездерді рухани жүдеуліктің салдары емес деп кім айта алады?" (Дамира Өмірзаққызы Ибрагим "Адамзаттың асыл тәжі")
Осы үшеуін ғылым жолына бүкіл болмысыңмен жұмсасаң, әл-Фараби айтқандай: "Ғылымның көркі оның иесін тану". Иеңді тану- А. Иасауи ілімінің сопылық сатысының жоғарғы басқышы ақиқатты тану. А.Байтұрсынұлы "Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Оның сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі оқулыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны да сынайды"-дейді. Ұстаздар қауымы ақынның "Жүрегіне терең бойлап", "Әдептен озбай" түсіндіру үшін Абай мен оқушы арасындағы алтын көпірдің қызметін атқаруы керек.

www.kaznu.kz