Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы

Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 Жайық өңірінің Қаратөбе ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді.

1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907-1916 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, "Айқап" журналын шығаруға көмек-теседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы нау-рызда әскери үкімет бүлік ұйыдастыры, облыстық кеңес мүшелерін тұтқынға алды.

1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревкомының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.Орал қаласында кадеттерді жақтаушылар өмір тәжірибесі мол Бақытжан Қаратаевтың төңірегіне топтасты. Осы тарихи кезеңде қазақ саяси элитасының арасында кадеттер партиясына қарай ойысушылықтың байқалуы патша өкіметіне қарсы қуатты оппозициялық күшке айналған осы партияның қолдауына сүйеніп, қазақ халқы мүддесін қорғаудан туындаған еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау қажеттігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу тағы сол сияқты талап-тілектер айтылған.

І Мемлекеттік Думаны шақыру туралы заң 1905 жылдың желтоқсан айында патшаның екі манифесінің негізінде шықты. Үлкен атыс-тартыстың нәтижесінде арнайы мәжілістің шешімі бойынша «бұратана елдерден» Думаға депутат сайлау турасында шешім қабылданады. Алғашқы Дума таратылғаннан кейін 1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола облысынан Шәймерден Қосшығұлов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан Мұхамеджан Тынышпаев, Сырдария облысынан Тілеулі Алдабергенов, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлманов сайланды. ІІ Мемлекеттік Думада өкіметтің жүргізіп отырған аграрлық және отаршыл саясаты сынға алынады.Б.Қаратаев Кеңестердің Бүкілқазастандық ІІ съезіне де делегат болып қатынасады. Құрметті демалысқа шыққаннан соң ол Ақтөбедегі туысқандарына көшеді. 1922-1925 жылдарда Ақтөбе губерниялық сот коллегиясының мүшесі болып қызмет істейді. Өмірінің соңғы жылдарында Батыс Қазақстандағы азамат соғысының тарихын жазумен шұғылданған. 1934 жылы тамыз айының аяқ кезінде Б.Қаратаев Ақтөбеде ұзақ науқастан кейін қайтыс болды. Өз халқына осыншама еңбегі сіңген абзал ұлдары жөнінде бар дауыспен еркін айтуға тоталитаризм жылдарында мүмкіндіктер болмады. Енді бұл қате көзқарас түзетілуі тиіс. Қазақстанның азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін ақылын, ерік-жігерін аямай, бар өмірін сарп еткен мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы сапында әрқашанда Бақытжан Бисалыұлы Қаратаевтың есімі аталып, оның жарқын бейнесі халықтың есінде сақталмақ.

Рахимжан Меруерт Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық Университеті 

https://www.kaznu.kz Дінтану мамандығының студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.

 



Бөлісу: