Шəкəрім Құдайбердіұлының даналық дүниетанымы

Шəкəрім Құдайбердіұлы — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл. Өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Бұл екі өміргеде керек іс. Жанға азық болатын құндылық. Ақыл-ойдың жиырма сегіз түрін көрсеткен. Соның ішінде сау ақыл деп соған ерекше тоқталған философ. Адамды басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы емес пе, Шəкəрім өз философиясында дүниені танушы, адамды адамдық негізге жетелейтін, ең негізгі қасиеті ретінде ақыл-ойды қарастырған.

Оның дүниетанымы көбіне мораль философиясына жақын. Шəкəрімнің дүниетанымы көбіне мораль философиясы мен ар ілімін қамтиды.

Шəкəрім дүниетанымында тəңір, нұр, күн, табиғат — қасиетті, киелі ұғымдар.

"Еңбекке шыда, ебін тап та,

"Сабырдың түбі — сар алтын".

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бəрі — өз халқың" [1; 180].

Адам тек қана өз тағдырымның алдында жауаптымын демей, барлық адамзаттың тағдырының алдында жауаптымын деп өмір сүруге шақырады. Адамзатқа ортақ бір-бірін қор қылмауға, адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүруге үндейді. Ар бір адам адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, "адам" деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырады. Шəкəрім Құдайбердіұлы ар-ұят мəселесін бірінші орынға қояды. Ар дегеніміз не? Оны қалай түсініп білеміз? Хайуандар əлемінде ар мəселесі жоқ деуге болады, демек, ар адамға ғана қатысты ұғым. Егер адам адамшылығын жоғалтса, оның өлгенімен бірдей. Бар жазадан ар-ұят жазасы ауыр. Біреуді алдап өтірік айтуға болғанмен, адам өз-өзін алдап өз ұжданының алдында орынсыз іске аяқ баса алмайды, ең жаман іс саналы болсаң, сен өз-өзіңді алдай алмайсын. Адам өзіне-өзі сыншы болып дұрыс қадам жасай білуі ғибрат аларлық іске қадам жасай білуі, оң деп білді.

Қазақ Ұлттық Университеті
www.kaznu.kz
Атантай Бекзат Әл-Фараби атындағы Дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.



Бөлісу: