Қазақстанның Тәуелсіздігі мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі мәңгілік елдің ұлы тарихы
жеке
блог

Қазақстанның Тәуелсіздігі мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздік шежіресі 1991 жылы 16 желтоқсанда басталған еді. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Осыдан 30 жыл уақыт бұрын тәуелсіздік алған Қазақстан өз тарихында жаңа белестерге қол жеткізді. Дамудың жаңа даңғыл жолына түскен еліміз халқының азаттық туралы ежелден келе жатқан арман-мақсатын жүзеге асырды. ХХ ғасыр қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін үміт пен күдікке толы, әртүрлі деңгейдегі және мән-мағынадағы күреске толы, мүлде басқа нәтижелі тарихи кезең болды. Тоталитарлық жүйе халыққа ауыр апаттар әкелді: миллиондаған адамдар өмірден озды, кейбірі туған жерін тастап, басқа елдерді аралауға мәжбүр болды; салт-дәстүрі, діні, ана тілі жойылды, көптеген халықтар, соның ішінде қазақтар өз жерінде аз ұлттың жағдайына тап болды. Қазақстан бұрынғы КСРО аумағында байырғы халық азшылықты құрайтын жалғыз республика болды.

Ел тарихына үңілетін болсақ, 1990 жылдың 25 қазаны – Қазақстан тарихында бетбұрыс болған егемендік күні. Біз бүгінде әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануға қабілетті нарықтық экономикасы дамып келе жатқан елде өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан шетел инвестициясын тарту бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жетекші мемлекетке айналды. Сондай-ақ әлеуметтік-зейнетақы саласында да елеулі реформалар жүргізілді. Қазақстан өз еркімен өзін ядролық қарудан азат ел деп жариялады. Қазақстанның халықаралық саясаты мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдіктеріне қол жеткізуге бағытталды. Осы қысқа уақыт ішінде еліміз өте қарқынды дамып, орасан зор табыстарға қол жеткізді. 30 жыл ішінде еліміз тұрақты экономика құра білді, сонымен қатар әлеуметтік салада, саясатта, мәдениетте, спортта табысқа жетті. Ал Қазақстанның ең үлкен және сөзсіз жетістігі – 130-дан астам түрлі этнос өкілдері үшін бейбітшілік пен достық атмосферасын құру. Осы ұстанымның арқасында Қазақстан БҰҰ-ның толық және белсенді мүшесі бола алды және жеке даму моделін қалыптастырды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегін атап өтпеске болмайды. «Ұлт Көшбасшысы ретінде менің мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтан ететіндей деңгейге көтеру. Бірлікте ғана жарқын болашақты қамтамасыз ете аламыз», – деп атап өтті Елбасы. Ол Қазақстан мемлекеттілігінің жаңғыруына, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне орасан зор ықпал етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: –  «Бүгінгі жастар өте білімді, алғыр. Олардың өз көзқарас көкжиегі кең. Біздің ізімізді басып келе жатқан буынның азаматтық белсенділігі өте жоғары. Ертең абыройымызды асыратын да осы ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауымыз керек» – деп, жастарға сенім артатынын осылай жеткізді.

Қорытындылай келе, дүниеде Қазақстаннан басқа жақсы мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның бір анасы бар – ол оның жері мен өз Отаны. Біздің мемлекетіміз өте жас болып саналады. Біздің ұрпақ азат, тәуелсіз мемлекетті мұра етті. Болашақта өміріміздің қалай дамитыны, туған Қазақстанымыздың қандай болатыны өзімізге байланысты. Біз достық пен татулықты бағалай білуіміз керек. Қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқаны баршаға үлкен бақыт. Біз мемлекетіміздің тарихын білуге, халқымыздың заңдарын қастерлеуге, салт-дәстүрде бізге жеткен халық даналығын ұрпақтарымызға сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана біз өмірімізді босқа өткізбейміз, сонда ғана жердің жомарттығынан, сұлулығынан, молдығынан сауап алған соң жүрегіміз кеуіп кетпейді, жанымыз ескірмейді.

 

 

 

Болат САЙЛАН, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ның профессоры, т.ғ.д.

 

Бағыдат Гүлнұр, 1-курс студенті