Ұлт мақтанышы - Абай

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранттары:

Дүйсенбай А., Атшыбаева А., Кобжанова А., Кусайн Г.

Абай ғылыми зерттеу институтының жетекші қызметкері: Алдабек Н.

 

Абай – қазақтың біртуар перзенті

Абай Құнанбаев өзінің қысқа ғұмырында әдебиет саласындағы ірі қазақстандық реформатор ретінде тарихқа енді. Қазақ жазба әдебиетінің қазіргі қалпында іргетасын қалап, талай тамаша туындылар жазып қалдырған. Солардың ішіндегі ең маңызды әрі кең таралған туындыларының бірі – «Қара сөздер». Бұл қырық бес трактат пен терең мағыналы философиялық нақылдардың жинағы.

Ойшыл-философ

Ойшыл-философтың сан қырлы әдеби мұрасы – еліміздің ұлттық-әлеуметтік, саяси бірлігін нығайтудың қуатты рухани құралы.

Абай Құнанбайұлы ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін салушы, аудармашы, сазгер ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлттық болмыс, халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, сенімі, тілі, салт-дәстүрі, рухы бейнеленіп, кейін Абай әлемі деп аталатын ерекше құбылыс ретінде бағаланды.

Ақын әрі композитор Абай

Абай Құнанбаевтың өмірбянында оның ақын ғана емескүйші, композитор болғаны әдетте айтыла бермейді. Оның музыкалық білімі болмағанына қарамастан ол өз өлеңдеріне көптеген әуендер шығарып, сол арқылы өлеңдерді әнге айналдырған.

Абай және теңдік мәселесі

Абай Құнанбаев өмір бойы әділетсіздікпен және оның барлық көріністерімен күресіп өтті. Ол шығармашылығының басым бөлігінде ер мен әйелдің теңдігі жайында жырлаған. Ақын тек поэзияда ғана емес, қоғамдық өмірде де әйелдер құқығы үшін белсенді күрескен.

Сан қырлы тұлға

Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фердоуси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және т.б.), орыс классиктері мен Еуропа әдебиетінің шығармалары әсерін тигізген. Крыловты, Лермонтовты, Пушкинді, Гете мен Байронды қазақшаға аударған.

     Мысал ретінде халық әніне айналған «Қараңғы түнде тау қалғып» (Горы дремлют в тёмной ночи) поэмасын алуға болады. Гетенің «Wanderers Nachtlied» (Ночную песню странника) өлеңің Лермонтов орыс тіліне аударса, (Горные вершины спят во тьме ночной ...)жарты ғасырдан кейін Абай оның мазмұнын қазақшаға жеткізді.

Бес нәрседен қашық бол...

Абай надандыққа, арамдыққа, ашкөздікке, біреудің есебінен өмір сүруге құмарлыққа қарсы тұрады.Адамдар арасында өзара сенімнің жойылатынын, олардың арасында араздық, өшпенділік басым екенін өкінішпен жазады. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» деп ақын адамзаттың бес дұшпанын атап, халықты, жастарды осы жат қылықтардан қай жағынан болсын аулақ болуға шақырады. Абай жастарды өмірде өз орнын тауып, алған білімдерін халықты надандықтан, заңсыздықтан арылуға бағыттауға шақырды. Абайдың қара сөздерінің бүгінгі күнге дейін тәрбиелік мәні зор.

Өмірінің соңғы сәттері

1895 жылы жас кезінде баласы Әбіш одан кейін 1904 жылы Мағаш ауырып қайтыс болды. Бұл ақынды қатты қинады.Мағашты жерлеген Абайдың өзі ауырып, іш құса болып, ешкіммен сөйлеспеді.Кіші ұлы өлген соң қырық күннен кейін Абай дүниеден озды. Ол небәрі 58 жаста еді.

Ұлы Абайдың өлмес мұрасы

Абай мұрасы – ғасырлар бойы жинақталған бүкіл халық даналығымызды бойына сіңірген рухани байлық. Шығармалары өлмей, уақыт өткен сайын өзектілігі артып, қоғамдық, мәдени, рухани өмірдің бағдарын айқындап отырады.

 



Бөлісу: