• 450.77
  • 503.11
  • 4.87

Жолдағы қауіпсіздік Өмірге деген жауапкершілік

Жолдағы қауіпсіздік Өмірге деген жауапкершілік
жеке
блог

Жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесіндегі қызметкерлердің жеке көліктеріне профилкатикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

         Шараның басты мақсаты – ГМ-172/10 мекемесі қызметкерлеріне жолда жүргенде барлық қауіпсіздік ережелерін ұстану қажет екендігін еске салу. Қазіргі таңда инфраструктураның дамуына байланысты адамға қойылатын талаптар күшеюде.

      Соның ішінде ең маңызды тармақтарының бірі – жол қауіпсізідігі десек қателеспейміз. Профилкатикалық тексеру кезінде ең бастысы автокөліктерінің техникалық жағдайы, құжаттарының дұрыстығы, өрт сөндіру құралдарының болуы алғашқы көмек көрсету дәрі-дәрмектерінің болуы тексерілді.

Автокөлікті тізгіндейтін қызметкерлерімен жол қауіпсіздік ережелері туралы сұхбат жүргізілді. Осылайша жедел алдын алу шаралары арқылы заң бұзушылықтарды түбегейлі жоймасада, жолын кесуді мақсат еткен ГМ-172/10 мекемесі кадр саясаты бөлімшесі мен өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері алдағы уақытта осындай маңызды іс-шаралар өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.

ГМ-172/10 мекемесі

әділет аға лейтенанты

Сакен Жарылкапбаев