ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ "БАКЫТ ФОРМУЛАСЫ"

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ "БАКЫТ ФОРМУЛАСЫ"
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және де ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының төрағалығымен жеке құрам қызметкерлеріне "Бахыт формуласы" атты психологиялық тренинг өткізіліді. Тренингке арнайы Маңғыстау облысы бойынша "Ақниет" ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының психолог маманы Мухамбетова Динара Руслановна шақыртылды.

Тренинг барысында жеке құрам қызметкерлеріне қысқаша отбасы формуласы туралы түсіндіріп бірнеше роликтер көрсетілді және ойындар ойнатылды.

Тренинг соңында жеке құрам қызметкерлері және мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлы психолог маман Динара Руслановнаға алғысын білдіріп ризашылығын айтты.