Агрессивті мінез құлықтың алдын алу

Агрессивті мінез құлықтың алдын алу
жеке
блог

Ақтау қаласы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандармен «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының» Маңғыстау өңірі бойынша психолог маманы Д.Мухамбетова және ГМ-172/10 мекемесінің АКАӘПТЖБ психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор психологы әділет аға лейтенанты Т.Жиембаева «Агрессивті мінез құлықтың алдын алу» тақырыбында  жоспарға сәйкес топтық тренинг өткізілді.

Тренинг мақсаты: агрессивтілік деңгейін төмендету, эмпатия, өзінің мінез-қлқын ырықты басқаруға қабілеті мен мүмкіндіктерін қалыптастыру. Тренингте қолданылған әдістер: сюжеттік-рөлдік ойындар, релаксация, мінез-құлық тренингінің элементтері, сотталған азаматтардың ішкі агрессиясын шығаруға арналған жаттығулар. Тренинг соңында психолог мамандары агрессиядан жеңіл шығу тәсілдері мен тұлғалақ дамуына бағытталған жаттығуларды өткізді. Өткізілген тренингтен сотталғандардың алған рефлексиясы: алған әсерлерін, қай сәттері ұнағанын, тренинг жайлы өздерінде қандай көз-қарастардың қалыптасқанын, бір-бірлеріне деген жылы сөздерін айтып, тренинг өткізген мамандарға алғыстарын жеткізіп, алдағы уақытта осындай тренингтер мен жаттығулар болып тұрса екен деген өз ой-пікірлерін айтты.