Жеке құрамға түсіндіру

ГМ-172/10 мекемесінің (тергеу изоляторы) кадр саясаты бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жиналыс өткізілді. Жиынды ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепсұлының төрағалығымен өткізілді. Жиынға Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік тәжрибе бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Тұяқбаев Жасұлан Пардабаевич қатысты. іс-шара барысында Жасұлан Тұяқбаев жеке құрам қызметкерлеріне өзгерістер енгізілген заңдар бойынша қысқаша тоқталып түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Кодексінің 441-бабының 1 тармағына сәйкес белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын қолдану жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіні туралы және ағымдағы жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңға қол қойды. мәселен енді көлік жүргізушісі жеке басын куәландыратын кезкеген құжатпен көлік жүргізуге рұқсат етіледі делінген сияқты бір қатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап берілді.



Бөлісу: