"Есірткісіз өмір ғажайып!"

"Есірткісіз өмір ғажайып!"
жеке
блог

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

«Есірткісіз өмір ғажайып»

Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп санау керек. Өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Алайда, осы бір-ақ рет берілетін өмірді кейбір жастар аты жаман есірткінің соңынан еріп барады. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның нәтижесі әрине,  кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда.

Есірткі! Бұл сөз бәрімізге таныс әрине. Құлаққа түрпідей тиетін қандай жағымсыз сөз десеңізші! Қанша адамды түбіне жеткізген, бақытты өмірлерін баянсыз еткен, қаншама отбасын ойрандаған улы зат болса да, әлі де тиылар емес.

Есірткі – қасірет белгісі. Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны айтпасы да белгілі дүние.  Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас пен көздің арасында нашақорға айналып шығады. Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Оған тәуелді болды деген сөз - өміріне бақытсыздық, қайғы - қасірет, үлкен күнә, ол аурудан құтылмайтындай кесапат әкелді деген сөз. Сөйтіп, ол өмірінің түрлі - түстілігін, бақыттылығын, ғажаптығын жоғалтады. Өте өкінішті, өмір сондай қысқа, жіберген қателігімізді түзетіпте үлгермейміз.

        Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек.

       Есірткі секілді зиянды нәрселерді қолданбай, өмірден ләззат алып, өзіңнің өміріне сүйіспеншілікпен қарап, отбасының қызығына тоймай, әр мереке мен мейрамдарды жақындарыңмен атап өтсек қандай керемет сезім  ия. Мен әрқашан есірткісіз зиянды заттарсыз өмір сүруді қолдаймын.Себебі, өмір ғажайып екенін білемін, және оны тиімді пайдаланамын.

Ал жастарға айтарым, дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің- өз қолыңда. Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

                       

#есірткігеқарсыбайқауы

#антинаркотическийконкурс