Өнер

Өнер жолы-қызық әрі қиын жол.Әр адамның ішінде жатқан жасырын таланты бар.Бойындағы талантты шығарып,паш етудің өзі өнер.Талант тұқым қуалайды дейтін ақпарат рас.Ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы  беріліп келе жатқан өнер болуы мүмкін.Бес саусақ бірдей емес,біреуі әнші болса,біреуі биші,енді біреуі ақын.Кей адамдар бала кезінен өзінің ерекшелігін байқаса,енді біреуі жүре келе байқайды.Біздің қоғамымызда ерекше дауыс иелері көп.Соның бірі әлемге танымал әнші-Димаш Құдайбергенов.Димаш қазақ халқын ғана емес,бүкіл әлемді өз дауысымен таңқалдырды.Ерекше дауыс иесі қазақ халқын биік шыңға көтеруде.Қолына киелі домбырасын алған ол,өзінің жай әнші емес,патриот әнші екенің көрсетті.Ата-анасы халыққа танымал әншілер сонымен қатар ата-әжесі де өнерге жақын.Ол әртүрлі жанрдағы түрлі шығармаларды орындай алады.Қандай жанрда болсын ән айтқаны жоғары деңгейде бағаланады.Әнші жеке концерт берген сәтте әлемнің түкпір-түкпірінен сүйікті тыңдаушылары жиналады.Қолдаушылары үшін әншінің концертіне барып көрудің өзі арман еді.



Бөлісу: