ЕЛIМIЗ ДАМУ ЖОЛЫНДА

ЕЛIМIЗ ДАМУ ЖОЛЫНДА
жеке
блог

Шеберлік  сыныптың  негізгі  мақсаты  онлайн-оқыту ортасында жұмыс жасайтын оқытушылардың кəсіби құзыреттіліктерін кеңейту мен инновациялық əдістерді қолдана отырып, білім сапасының тиімділігін арттыру болып табылады. Жеті аптаға созылатын шеберлік сы- ныбында студенттерді қашықтан оқыту форматына тар- ту мен ынтасын арттыру, студенттермен желілік ортада сенімді  қарым-қатынас  орнату,  тікелей  эфирде  сабақ беру мəселелері қаралатын болады.

Бельгия білім беру кеңесінің директоры Окса- на Позднякова өз сөзінде аталған сыныпта кез келген академиялық  пəнді  онлайн  форматта  игеруге  know- how-ды қолдану арқылы үйренуге кепілдік беруге болатындығын атап өтті.

Интерактивті режимде өтетін шарада барлық қатысушылар бір-бірімен байланыс орнатып, педагогикалық үдерістің негізгі элементтерін компьютер- лендіру, киберпедагогикадағы сан қырлы əдістер жайлы өзара пікір алмасатын болады.

Енді бұған қосышма тағы да даму үстінде келе жатқан, нуклеин қышқылдары, соған қатысты қара шаңырақта өтілген дөңгелек үстелдерге кезек берсек.

Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын жəне тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз био- синтезіне қатысады жəне тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ жасуша ядросының хро- мосомасында (99%), рибосомаларда жəне хлоропла- старда, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, мито- хондрияда, пластидтер мен дитоплазмада кездеседі.

Соңғы жылдары ғалымдар жоғары организмдердің гендерін бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтарының организміне енгізуді іске асырды. Соңынан оларды ақуыз синтездеуге пайдаланды. Мысалы, инсулин генін осы- лайша "жұмыс істеткізді". Адам инсулині ең алғаш рет Е. соlі деген бактерияның көмегімен 1982 жылы алынды. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Ə. Айтхожин жасушалық макромолекулалардың (ну- клеин қышқылдары мен ақуыздың) синтезі саласында өте маңызды зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Міне, осы жəне басқа да қызықты мəліметтер өте  көп.  Себебі,  қазіргі  таңда  бұл  сала  өз  дамуын жалғастыруда.    Шешілмеген    мəселелер    көп.    Сол тұрғыда əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұстаздары өз жұмыстарын жалғастыруда. Онымен қоса, студент- терге осы саланы түсіндіруде. Сол себепті, оларға айтпағымыз, жұмыстарыңыз алға баса берсін демекпіз.

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

доценті Жанатаев Д. Ж

физика техникалық факультетінің магистранты Тілеу Г.Б