Шет мемлекеттердің экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметік өмі

Қaзіргі журнaлистикaның өсу үрдісі мен aқпaрaттық кeңіcтіктің жaһaндaнyы әлeмнің бapшылық eлдeрін қaмтып, экoнoмикaлық жәнe caяcи қaрым-қaтынаcтың лeздe өcyінe ықпaл eтyдe. Бacпacөз, рaдиo жәнe тeлeвизия, мyльтимeдия, кoмпьютepлік жeлілep мeмлeкeт пeн кoнтинeнттi жaқындacтыpып, миллиoндaғaн хaлықтың үйiнe eндi. Ақпaрaттық бaғыт қoғaмдық билеy үpдiсiнiң тeтiгiне aйнaлып, оғaн билік басындағылар, саяси құзырға таласушы топ та жүгінеді. Онымен біргe бизнес заңы бойынша өнеркәсіпте, өңдеу саласында, саудада ақпарат үлестіру нормалары мен ережелері күшеюде. Газет немесе журнал шығару, телевидение мен радионы меншіктену тікелей табыс әкеле қоймайды, бірақ оның өзіндік пайдасы бар, жақсы иммидж қалыптастырып, қоғамдық ой қалыптастыруға, бұқараны тәрбиелеуге көмектеседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының, коммуникациялық үдерістiң қарқыны дамыған сайын адамның өзiне, дербес өмiрiне, әлеуметтiк жаңалыққа массмедиа қатты әсер етеді. БАҚ-тың қалыптасуы мен дамуы, әр елдегі демократияландыру мен мемлекеттiк жүйенiң өзгеру кезеңімен біргe жүредi.

Шетел БАҚ-тарының тәжiрибесi ақпараттық кеңiстiктiң жаһандану шарттарын қалыптастырды. Журналистиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси және экономикалық үдерістен, техниканың, ғылымның iшкi логикасы дамуымен тығыз байланысты. Қазiргi шетел журналистикасының жан-жақты дамуының ортақ тенденциясында ұлттық ерекшелiк әлi де сақталып отыр. Баспасөз, радио және теледидардың коммерциялануы, жаңа ғылыми-техникалық табыстардың барлық жерде енгiзiлуі, Батыс, Шығыс және Орталық Еуропа, Америка, Азия елдерiнiң БАҚ-ның алдына күрделi мәселелер қойды. Дамушы елдердегi БАҚ-ты модернизациялау үдерісі әртүрлi пішінде дамып, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияның дамуына, сол елдің идеологиялық бағытына ықпал етуде. Шетел журналистикасының тарихын зерттеудегі мақсат – жоғарғы оқу орындарындағы болашақ журналист, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандарын дайындау (олардың тарихи-филологиялық, әдебиет тарихы, журналистика тарихы, экономика мен философия, мәдениеттану, құқық) барысында оқылатын шетел журналистикасы тарихын толық меңгеруі тиіс. Бұл студентке журналистиканың даму заңдылығын түсінуге мүмкіндік береді. Шетел журналистикасының тарихын оқымай қазіргі журналистиканың жағдайын, оның дамуы мен қалыптасуын білу мүмкін емес. Шетел журналистикасы қазақстандық университеттердің оқу жоспарында оның алғашқы қадамынан бастап маңызды бөлігін құрайды. Шетел журналистикасы курсы көп салалы, ол әлемдік баспасөз, радио, телевидение, ақпарат агенттіктерінің тарихын толық қамтиды. Университеттерде шетел журналистикасын оқытқанда, көбіне Батыс елдері, АҚШ, Азия, Африка, Латын Америкасы елдері бұқаралық ақпарат құралдарының тарихы мен теориясы толықтай қамтылады.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның ақпарат құралдары дүниежүзілік деңгейді нысанаға көшіп, әлемдегі орнын анықтауға бағытталып келеді. Өйткені журналистика жер жүзі бойынша шекараны білмейтін сала. Бірақ бұл орайда әлі де талай ізденістер мен тер төгуге тура келетіні өзінен-өзі белгілі. Себебі кешегі қызыл империя идеологиясының уысынан шыққан баспасөз, радио, телевидение жүздеген жылдар бойы еркіндікте қалыптасып қалған әлгі айтқан «әлемдік деңгейге» жету үшін уақытты да, мазмұндық, рухани сапаны да қажет етеді. БАҚ-тың мұндай құрылымдық жүйесінің енді басқаша өрістеуі де бір күннің ісі емес.

Сондықтан да қазір бір ақпарат құралы жаңалық жасағысы келіп, онысы діттеген жерден шықпай тауы шағылып жатса, ал келесі бірі бәз баяғы ескі сүрлеуден шыға алмай малтығуда. Сонымен бірге әжептәуір көзге түсіп жүргендері де аз емес. Бұл ретте мынаны еске алуымыз керек. Жалпы журналистік шығармашылық пен БАҚ-тың жұмыс істеу процесі шетелде де ортақ жаратылыстан қол үзіп кете алмайды.

Бұрынғыдай цензура жоқ кезде қайсыбір БАҚ түрлері көптеген өмірлік проблемалар хақында ауа жайылып кетпей ме? Бұл жұртшылықты ойландырмай қоймайды. Әрине, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы туралы көп айтамыз. Олар ақпаратты объективті әрі жан-жақты беруі керек дейміз. Оқырман, көрермен, тыңдаушы өзінің қалаған ақпаратын алып, қаламағанын патша көңілі білсін дейміз. Өйткені, кеңес заманындағыдай, белгілі бір пікірге зорлықпен таңып қоюға қазіргі демократия, плюрализм заманында ешкімнің хақысы жоқ.

Бірақ БАҚ қашанда халық мүддесін, мақсатын ұмытпауы тиіс. Стихиялы өмірдің қайда апарып соқтырары белгілі. Демократияның өзі — заңды бұзу деген сөз емес. Әлемнің дамыған алпауыт елдерінде де солай. Ендеше салауатты өмірді, өркениетті көздесек, БАҚ та соған қызмет етпек.

Дәуір сыры, замана шежіресі таусылмайтын тақырып. Оны көрсету, оны суреттеу публицист ретіндегі парасат иесінің игі мақсаты, ардақты борышы. Ол мейлі адамды жазып отыр ма немесе соған орай уақыт тынысын сездіріп отыр ма — айналып келгенде, қаламгер еңбегі болып шығады.



Бөлісу: