Рухани жаңғыру жайында не білеміз?
жеке
блог

Рухани жаңғыру жайында не білеміз?

Кей уақыт адамзатым көпке сенді,
Енді бірі өзгені ойлап, бәлкім жеңді.
Тура қарап, сүрейік бұл өмірді
Рухани дамитын бір уақыт келді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы жыл 2019 жыл жастардың жылы деп жарияланғаны жас буынның рухына жігер бергені анық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елімізде ғылым мен білімде ғана емес, рухани ізгіліктің де көшін бастап, жастарға әрқашан да ерекше қолдау көрсетіп келеді. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Осы орайда ректор Ғалым Мұтановтың бастама- сымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік-инновациялық бірегей жобалардың бірі – адамгершілікке үндейтін «Айналаңды нұрландыр» жобасы соның бір айғағы. Еліміздің рухани дамуы мен алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде бұл жоба айтарлықтай өз үлесін қосып келеді. Ән мен жырға толы кештің шымылдығы ҚазҰУ хорының орындауында Ғ. Мұтановтың сөзіне жазылған Владимир Питерцевтің «Айналаңды нұрландыр» әнімен ашылды. Студенттер сарайының концерттік залы көрермен қауымға лық толы болған аталмыш кеште мәдениет қайраткерлері, ақын, жазушылар, әртістер, ғалымдар мен жалынды жастар болды.