"Франция баспасөзінің бастауы мен бүгіні"

"Франция баспасөзінің бастауы мен бүгіні"
жеке
блог

 

   Адамзат тарихындағы алғашқы баспасөздердің бірегейлері еуропаның ең дамыған мемлекеттерінің қатарына кіретін Франция елінде пайда болды. Француздарың дамыған ұлт екені еуропа емес, жалпы әлемге мәлім. Тарихы тереңде жатқан кәрі құрлық өкілінің журналистика саласы да, сонау түбі тұңғиық архивтерден бастау алады.

    Алғашқы баспаханалар 1470 жылы ашылып жұмысын бастаған болатын. Газет шығару ісі ХVII ғасырда пайда болды. 1604 жылы алғашқы газет "Газет франсуаз" дүниеге келсе, кейін "Француз меркурийі" 1611 жылы шығып бастаған. Баспалардың бастауының бірі болып 1631 Теофраст Ренодо негізін салған "Газет" апталық газеті еді. Әдебиеттің әсемдігін сөз етіп, ақпарттың сан-түрлісін басып отырды. Ұзақ уақыт үзбей шығарып тұрғаны елдің есінде ерекшелігі ретінде есте қалды. Франция республикасының газет шығару тарихы осылайша бастау алса, журналының жарық көруі 1665 жылда орын алған еді. Тек қана француздардың баспасы емес, жалпы әлемдегі алғашқы басылған журналдың бірі ретінде тарихта қалды. "Журнал де саван" деп аталар жазбалар ұлттың ұлылығының көрінісі. Артынша 1672 жылы "Меркюр галан" журналы басылды. Оның жан-жақтылығы және әртүрлі жанрларда жазылуы бүгінгі күнгі баспалардың бейнесін елестетеді.

    Заман өтіп дәуірлердің дамуы жеделдеткен тұста Людвик ХІІІ цензура туралы заңға қол қойып, баспасөздің басылуын тежеген болатын. Конституцияға бұл жазудың түскені, цензор мен құқық қорғау органдарының мәртебесін арттырды. Бұл мамандарсыз журнал мен газеттердің жазылуына рұқсат жоқ еді. Кейіннен ғасырдың ғаламат қиын жылдары "Ұлы Француз революциясы" орын алды. Бұл дәуір француз баспасөзі тарихында қоғамдық пікір мен революциялық-демократиялық баспасөздің қалыптасуына ықпал етті. Далаға 1791 жылген тұста Революция нәтижесі "Адам провасы жөніндегі декларацияның" қабылдануына алып келді. Сол дәуірде газет саны 350ге жетті. Қоғамда күрделі өзгерістер болып жатқан тұста баспаның басылу, газет пен журналдың орынын айшықтап, анықтап, айналаға әсерін тигізердей қызмет етті.

      Бесінші республиканың беделді басылымдарын бірнеше  ірі секторларға бөлуге болады:

"Жалпы және саяси хабарлар басылымдары" қатарына 82 газет және журналдар кіреді. Басым көпшілігі күнделікті баспалар. "Фигаро", "Юманите", "Либерасьон" т.б.

   Келесі критерийға "Арнаулы басылымдарды" жатқызуға болады. Бұл секторда 118 әйелдер, 343 жастар және 7889 техникалық және кәсіптік басылымдар кіреді.

  "Бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналған басылымдар" топтамасына тоқталсақ, бұл топта иллюстрациялық басылымдар, нақтырақ "Пари матч", "Пуенде вю имаж дю монд", "БСД" және басқалары кіреді.

   "Құжаттар мен статистикалық басылымдардың да" арнайы бөлімі бар. Бұл секторға мынандай басылымдар кіреді: "Донне сосяль", "Журналь оффисоель", "Докюмантасьон франсэз".

    Еуропа елі, франция республикасында ерекше орын алатын басылымның бірі "Франция әйелдер журналы". Бұл басылым бірнеше бағытта жұмыс атқарады:

1. Жас мөлшеріне қарай бөлінеді қарай бөлінеді: 15-20 жас арасында бойжеткендерге және 25-45 жас арасында әйелдерге арналған.

2. Әлеуметтік жағдайға қарай бөлінеді: ауқатты топқа және кедей-кепшікке арналған.

Бүгінгі күнде 10 млн таралымы бар.

      Франция ұлты тарих толқынында талай төңкеріс көрген ел. Дәуірдің дамуы мен ғасырдың қалыптасу жолында баспасөзі де біршама өзгерістерге ұшырады. Жылға жыл қосылған сайын эволюция БАҚ-тың қоғам ішіндегі орынын айқындай түсірді. Бүгінгі күнде бесінші республика, франция елінің баспасөзі де, елі де дамыған мемлекеттердің қатарында.

 

Ғылыми жетекшісі етіп Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент, Әлім Ә,.А., аға оқытушы.