Дәстүрлі журналистиканың болашағы қандай болмақ?
жеке
блог

Дәстүрлі журналистиканың болашағы қандай болмақ?

  Адамзат өркениетінің жаңа-цифрлы деңгейге көтерілуі, техникалық  революцияның шарықтауы, жаһандық-ақпараттық нарықтықтың дамуы қазіргі қоғамға бейімделген заманауи журналистиканың  пайда болуына ғана емес, тіпті кең өріс алуына мүмкіндік берді. Дәлірек айтқанда, заман ағымына қарай цифрлы  журналистика атты жас саланың қоғамдағы рөлі күн санап артып келе жатқандай. Міне, сондықтан цифрлы  журналистиканың қоғамда алып жатқан рөліне қарап, дәстүрлі журналистиканың болашағына алаңдауымыз бекер емес.

 

  Менің ойымша, дәстүрлі журналистиканың мамандық ретінде жойылып бара жатқаны мүлде дұрыс емес. Себебі журналистика саласын осы дәстүрлі журналистикасыз елестету мүмкін емес. Бұл жайтқа әлем де бей-жай қараған жоқ. Мәселен, менің оқығаным бойынша, Германияның Бонн қаласында өткен Deutsche Welle форумында дәстүрлі журналистиканың болашағы жайлы сөз болыпты. Бұл туралы жетекші медиа мамандары «Дәстүрлі журналистиканың санаулы ғұмыры қалды. Енді бес жылдан соң ақпарат саласы адам танымастай өзгереді» деп журналистиканың келешегіне алаңдайтынын жеткізді. Сондықтан ендігі дәстүрлі журналистиканың болашағы біз бен сізге байланысты. Егер шынымен де бұл саланың қоғамдағы рөлін сақтап қалғымыз келсе, мүмкін емес нәрсе жоқ деп білемін.

  Цифрлы заманның дамығаны соншалықты, дәстүрлі журнарналистикамен жасанды интеллектер бәсекеге түскендей. Себебі қазір жасанды интеллект қарқынды дамып келеді.Бұған дәлел, роботтардың мәтін жазып, жеңіл-желпі диалог құра алуы. Мысал ретінде робот атаулының ішінде азаматтық алған София роботын алсақ болады. Тіпті, келешекте бұл ақылды робот тірі жанмен жарыспақшы.Бірақ,бұл роботтар қанша жерден ақылды болса да, білікті журналистерге ешқашан жете алмайды деп ойлаймын.

 Дәстүрлі журналистиканы қайта жаңғыртуымыз керек деп білемін. Бұл сала біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген заманнан бері келе жатқан дүние екені бәріне мәлім.Қазақ зиялылары дәл осы дәстүрлі журналистиканың нышаны болған газеттер арқылы халықты «Оян қазақ» деп білімге,жарқын өмір сүруге шақырған. Міне, сол үшін дәстүрлі журналистика ешқашан жойылмау керек деп санаймын. Және бұл саланың ғүмырын ұзартып,қоғамдағы рөлін қайтару, нағыз білікті журналистердің қолында!