Франция журналистикасы

ХХ ғасырдың бас кезінде Франция өзге дамыған елдерге қарағанда, көрсеткіші едәуір төмен болса, ХХІ ғасырдың басында Франция жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды даму дәуіріне аяқ басты. Бұл мақалам, француз БАҚ негізгі тенденцияларын талдауға арналған. Таңдалған тақырыптың өзектілігі - француз бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдік журналистиканың дамуында маңызды рөл атқаратындығымен негізделеді. Өйткені, француз журналистикасының сіңірген еңбегі әлемдік қоғамды демократияландырудың жалпы үдерісіне айтарлықтай әсер еткен революциялық деп аталатын баспасөздің қалыптасуында жатыр.

Сонымен қатар, бүгінде жаңа БАҚ -тан бәсекелестіктің күшеюі, ақысыз ақпараттық газеттердің пайда болуына байланысты жаңа қауіп -қатерлер баспасөзге өздерінің экономикасын, өндірісімен таралуын терең өзгерту қажеттілігін басты назарға қояды. Мысалы, француз баспасөзі бірнеше ондаған жылдар бойы өндіріс шығындарының өсуіне, сату мен жарнамадан түсетін табыстың төмендеуіне байланысты экономикалық қиындықтарды бастан кешірді. Соңғы жылдары жаңа қиындықтар, интернеттің жылдам кеңеюіне, ұялы телефонға қарсы тұруға мәжбүр болды. Ақпаратты тұтыну әдеттерінің де өзгеретінін атап өткен жөн. Ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуы әр кезде баспасөздің жағдайын әлсіретпей қоймайды. Интернет, ақысыз газеттер тұтынушыға ақысыз ақпарат береді, дәстүрлі газет қымбат болып көрінеді, сонымен қатар ол оқырман сұранысын қанағаттандырмайды. Газеттердің мазмұны қатты сынға алынады, олар тым партияшыл және біржақты деп есептеледі. Бұған қоса, журналистерге және жалпы баспасөзге деген сенімсіздік кең етек жаюда.

Бүгінде француз радиохабарында 1980 -жылдары дамыған мемлекеттік бағдарламалар, шеткі радиостанциялар мен жеке жергілікті радиостанциялар жүйесі бар. Сонымен қатар, 17 тілде хабар тарататын ұлттық француз халықаралық радиосы қолданылуда.

 

 

Қазіргі таңда, Франция мерзімді басылымдардың дамуы бойынша жетекші орын алады (1000 адамға 1350 дана). Сонымен қатар, француз баспасөзі басқа елдердің корпорацияларымен БАҚ саласында белсенді түрде жұмыс жасайды. Бұл бірлескен басылым және ақпараттық компанияларға капиталдың өзара енуі деп есептеймін.

Дегенмен, қазіргі кездегі Франция сыртқы саясатының негізгі ұстанымдары елден тыс жерде болып жатқан оқиғаларды қабылдауға айтарлықтай әсер ететінін атап өткен жөн. Тілшілер, әдетте, оқырмандарға өз пікірін жеткізеді, объективтілікке ұмтылады, бұрын ұсынылған нұсқалар мен болжамдарға қайшы келетін фактілерді жасыруға тырыспайды. Бірақ оқырмандарға әсер көбінесе ауызша, кейде тіпті визуалды деңгейде байқалады (мысалы, эпитеттер мен терминдердің жеткіліксіздігіт.б.)

Жаңа ақпарат құралдар тарапынан бәсекелестіктің күшеюі, ақысыз ақпараттық газеттердің пайда болуына байланысты жаңа қатерлер баспасөзге өздерінің экономикасын, өндірісі мен таралуын терең өзгерту қажеттілігін алға қойды. Осылайша, бес жыл ішінде (1997-2002 жж.) 1700 баспасөз сату нүктесі жабылды,  600-і ашылды. Сонымен қатар, француз баспасөзі Парижде де, провинцияда да ақысыз газеттердің шабуылына қарсы тұруға мәжбүр. Таралу көлемін ұлғайту мақсатында Париж газеттері өз клиенттеріне DVD, CD, кітап сатып алуды ұсына бастады.

 Бүгінде, Француз баспасөзі өзінің журналисттік тілін тапты.

Бір ақиқатты әрине, әр қырынан көрсетуге болады. Журналистің өнері - бұл оқиға туралы қол жетімді, қызықты және кәсіби түрде хабарлау ғана емес, сонымен қатар ең объективті позицияны ұстану, жаңалықтарды фактілермен, дәйексөздермен, бейне және аудиоматериалдармен растау. Өйткені, қоғамның дүниетанымы мен менталитеті оқиғалардың дәл қалай көрсетілуіне, қандай қорытынды шығарылатынына байланысты. Бұл өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан, бұл тұрғыда қазіргі әлемдегі журналистиканың рөлі ерекше маңызға ие.

Әлемдік журналистиканың қазақ журналистикасына еш өштігі жоқ. Әр елдің журналистикасы өзіне ғана керек. Журналистика қоғамның айнасы, әрі сол қоғамның сұранысына ғана жауап береді

Дархан Әбдік

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Орындаған: Абдибай Шұғыла

Мақаланың ғылыми жетекшісі Майкотова Ғ.Т.,ф.ғ.к. доцент

Әлім Ә,.А.,аға оқытушы

 



Бөлісу: