Махамбет Өтемісұлы философиясы

Махамбет  Өтемісұлы философиясы
жеке
блог

Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,

...Ерлердің ісі бітер ме?

Қазақ философиясының ішінде өзіндік орны ерекше ақын, ойшыл, елі үшін еміреніп, халықтың қамын ойлап, елінің тұрмыс-тіршілігі, тынысы үшін ішкен асын жерге қойған, отты жырлардың авторы, азаттық үшін күрескен, қол бастаған батыр - Махамбет Өтемісұлы. Ақынның философиялық ойларының мәні еліне деген құрметінде, отансүйгіштігі мен асқан патриотизмінде жатыр. Әрбір жаған өлеңінде халқытың қамы, хандар мен сұлтандардың озбырлығы, қарапайым халыққа жасаған қысымдары бейнеленеді.

Махамбет Өтемісұлы - XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктетіп, абыройынасқақтатқан аса талантты тұлға. Жігітке жеті өнер де аз демекші, ол - әрі ақын, әрі сазгер, әрі шешен, әрі батыр.

Махамбет Өтемісов 1836-1837 жылдары Бөкей Ордасындағы (Батыс Қазақстан облысы) сол кездегі үстем таптың қиянаты, озбырлығы, әділетсіздігіне қарсы халық көтерілісінің ұйымдастырушыларының, жетекшілерінің (И.Таймановпен бірге) бірі болды.

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды.

Ақын:

Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай.
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын-бала жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
...Ерлердің ісі бітер ме?!

-деп көтеріліске шыққан ер-азаматтарды жігерлендіріп, рухтарын көтерген.

Махамбеттің халықты әділеттілікке, адалдыққа, ізгілікке, бірлікке шақыруы 
қазіргі заманда да өзекті де маңызды болып отыр. «Еңселігім екі елі» атты 
жырында:
«Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған.
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жазуды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын»,

-деп өзі өзінің іс-қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпарының тама-
ша поэзиялық бейнесін береді.

Бірақ, көтеріліс жеңіліске ұшырап, Исатай Тайманұлының өлімі ақынды қатты күйзеліске түсірді.  Сол кезде қуғында жүріп «Мұнар  күн»,  «Қайда  бар?»,  «Абайламай  айырылдым», 
«Істеген ісім кетті далаға», «Өлең айтып, толғадым», «Қаршыға деген бір құс 
бар», «Қолы кілем, қара нар» сияқты жыр-толғаулары жайлы  терең  философиялық-этикалық  және  эс-тетикалық  ойларға 
толы. 

 

 

Авторлары: Жанатаев Данат, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Ибаш Дилшод, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінің магистранты