Би - Би - Си радиоқызметі ерекшелігінің сыры
жеке
блог

Би - Би - Си радиоқызметі ерекшелігінің сыры

Тарихы тереңде жатқан асыл мұрағаттың бүгінгі күнге дейін қоғам игілігіне қызмет етуі таңғаларлық жағдай емес. Бұл түпбірлестік санқырлылығымен ерекше, ақпараты,  арнаулы топ қағидалары, аудиторияның қалауын зерттеп – зерделеуінің нәтижесінде – бүгінгі таңда рейтингісі жоғары, сапалы телерадио бірлестігінің бірі мен бірегейіне айналып отыр.

Бірінші  бас директор Лорд Рейт қызмет атқарғанда Би – Би – Си коорпарациясы  рухы мен жауапкершіліктері биік, өз істерінің нағыз мамандары топтасқан бірлестікке айналды. Осы тұста Лорд Рейттің бастамасымен қазіргі кезге дейін ұстанатын 3 принциптің негізін салып кетуі – радионың келешек болашағына қаланған түпқазық рөлін атқарды. Ол: «жаңалық тарату, ағарту, көңіл көтеру», айрықша алдыңғы екеуіне көп көңіл бөлінді. «Көңіл көтеретін бағдарламаның» өзі ақпараттық – танымдық бағытта болса, «ақпараттың» және «ағартушылық» бағдарламаларын көңілді болуына баса мән берілді. Радионың көрерменге ұсынар ақпарат материалдарының егжей – тегжейлі сараптамадан өтуі, ақпараттың заман ағынына  сай беріліп, аудиторияның жас мөлшерін, талғамдарына қарай топтастыруы – әлбетте, радионың сапалылығын арттырып қана қоймай, Би – Би – Си радиосының Дүниежүзілік кеңістікте тарауының алғышартына айналды.

 Би – Би – Си – дің «алтын ғасыры» 30 – жылдары басталды. 1932 жылдың жүзінде тыңдаушысы 5 миллионға, ал 1938 жылы Ұлыбританияның хабарлары жергілікті тұрғындарға, 98 пайыз, толықтай берілді. Соғыс жылдары Би – Би – Си радиосы елді ынтымақ – бірлікке шақырып, халық рухын асқақтата түсті. Осы жылдары халық әсіресе кешкі ақпараттар толқынын жібермей, үздіксіз тыңдады. Жаңалықтар лебін Европа елдері де тыңдады. Би – Би – Си өзінің хабар тарату тактикасымен айрықша, өз аудиториясын ұстап отыруы үшін жаңа тарау - бағдарламалар тұжырымдамасын жүзеге асырды. Соған сәйкес радио таралым 5 бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Әрбір радио өз тыңдарманына арналды, өзіндік уақыт, қалаулары мен жас ерекшеліктеріне сай бөлінді. Соған айғақ «Радио - 1» - Би- Би- Си -  ішкі хабарларының бірінші бағдарламасы болып табылады. 1967 жылдан берілетін радио аудиториясын 25 жасқа дейінгі жастар құрайды. Радио жастарды өзіне тарту мақсатында поп - музыка береді, 2 сағаттық бейнетаспалы концерттер қысқа ақпараттармен кезектесе отырып, таратылады. Хабар тәулік бойы беріледі.

«Радио - 2» - Би – Би – Си ішкі радиохабарларының екінші бағдарламасы. Негізі 1967 жылы құрылған. Радио танымал, үздік музыкалар мен көңіл көтеретін бағдарламаларымен ерекше. «Үздіксіз тізбек» әдісімен берілетін әуен кілт үзіліп, хабарлар, спорт тақырыбы айтылады.

«Радио - 3» - «Би – Би – Си тәжінің лағыл тасы» деген атаумен белгілі. Оның өзіндік себебі бары анық, бұл – ең қымбат тұратын және ең беделді бағдарлама болып табылуында. Салиқалы, жағымды, тыңдарманды тебірентіп әкетер әуендер радионың 80 пайызын құрайды. Арнайы радиоға кескінделген опералар, концерттер, әдеби және драмалық шығармалар қаз қалпында беріледі. Бағдарлама ,анығында, ақсүйек топқа арналған. «Радио – 3»- ті Ұлыбритания халқының 1 пайызы ғана тыңдайды.

«Радио - 4» - Би – Би – Си ішкі хабарларының төртінші бағдарламасы. Үш бағдарламадан өзгешелігі, бұл радионы ақпараттық – насихаттық сарын деп айтуға болады. Жаңалықтар, радиожурналдар, балалар хабарларын береді. Айрықша бес негізгі айдардан және оны толықтыратын сегіз жаңалықтар легінен тұрады. Соның ішінде, «Әйелдер сағаты» - айдарымен берілетін хабарды үй шаруасындағы нәзік жанды болмыстарының 70 пайыздан астамы тамашалайтыны анықталды. Негізгі тыңдармандары: бақша өсірушілер, автожүргізушілер, филателистер, зейнеткерлер, зағип жандар. Осы лектегі жаңалықтар легін 4 миллион адам тыңдайды. Жүргізуші, өз ісінің білгірі телерадиокомментатор – Робин Дэй. Ескерерлік жайт, радиохабарларының ерекше, сезімтал жеткізілуі үшін жүргізушінің өзін ұстауы, дауыс ырғағы, тембрі, сөзге мән беріп, анық, түсініп айтуы – маңызды рөл атқарады. Әр сөз тыңдарманның бойына еніп, құлақ үнін құрштандырып, керекті мағлұматпен сусындап, көз алдына сөздердің жетегінде бейне елестейді.

Маргарет Тэтчердің үкімет басына келуі – Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет саласына оң нәтиже берді. 1989 жылы Тэтчер үкіметі британ радиосы телерадиохабарларының болашағы туралы Ақ кітап жариялады. Королева келісімін беріп қол қойғаннан  кейін, 1990 жылдың 1 қарашасында жүзеге асты. Актінің негізгі мазмұны британ телерадиохабарларының коммерцияландыру болып табылады. Осының нәтижесінде «Радио - 5» жарыққа келіп, спорт, білім беру, балалар және жастар бағдарламаларын қамтыды.

Осы бөлімде Британия ішкі радиосының айтарлықтай ерекше қүрылымды екенін «Арчер жанұясы» атты атақты радиосерияның берілуі мен «студенттік» және «ауруханалық» хабарлардың таратылуы көрнекілік рөл атқарды. «Арчер жанұясы» атты серияның негізгі мақсаты – Англияда фермерлік шаруашылықты дамыту, жер құқығын дұрыс пайдалану болып табылады. Байқап отырғанымыздай, көрермендер мен тыңдармандардың ақпарат – насихаттық серігіне айналған Британ радио бірлестігінің жаңалығы – адам санасын өзгертіп, жаңа арнаға бұра алатындай қауқарлығына дәлел болып отырғандай. Тыңдармандар арасында ілтипатқа ие радио жұмыс жоспарының, айқын мақсатының дұрыстығы мен дәлдігінің нәтижесі өз алдына.  Қорыта айтқанда, мамандандырылған хабарларды ұйымдастыру мен дамыту – британ радиосын ілгері жоғарылатқан фактор болып табылады.

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

2 - курс студенті 

Жетекшілері: Майкотова Ғ.Т., ф.ғ.к., доцент 

Әлім Ә.А. аға оқытушы