Биыл желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толады
жеке
блог

Биыл желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толады

Биыл желтоқсан қанды көтерілісіне 35 жыл толады. Осы жылдар ішінде Ұлы егемендігіміз үшін алаңға шығып қантөгіске қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздарына қандай көмек көрсетіліп, оларға мемлекет тарапынан қандай жәрдем көрсетілді? -деген сұрақ туса барлығымыз үнсіз қаларымыз анық.

Ия, ең бастысы мемлекет назарынан тыс қалып, қоғамда елеусіз өмір сүру желтоқсан батыралы үшін жанға аяздай батады. Желтоқсан батырларының жалғыp бір қуаныштары жыл сайын 16-17 желтоқсан күндерінде орталық алаңға шығып, қаза болғандарды еске алып, желоқсан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып үйлеріне қайту. Ия оған да үйреніп кетсек керек. Қазақ тарихында тәуелсіздігіміз үшін күрескен желтоқсан қанды оқиғасын алтын әріппен жазылды. Сол аязды түнде тәуелсіздігіміз жан беріп жан алысқан батыр ұл-қыздарымыз қазір бастарын ақ шалып ортамызда жүр. Қаhарман батырларымыз күні бүгінге дейін толықтай ақталып тиеселі статусын алған жоқ.Сол күнді енді тағы қанша жыл күтуге болатынын бір алла ғана біледі. Тәуелсіздігімізді жеңіп әперген батырларымыз ТМД елдері арасында алғаш болып қызыл империяғс қарсы шыққанын біру білсе мүмкін біреу білмес. Бірақ ол факт. Бізден кейін ғана, таулы Қарабақ сияқты ұлт көтерлісі жалғасын тапқан болатын. Ұлы Отан соғысының батырларының ел арасында қарасы тіпті азайып, Ауған соғысы батырланың қатары сиреп бара жатқанда желтоқсан батырларына құрмет, қамқор жоғалмаса екен деген тілеудеміз. Жасұрпақ өзінің ұлттық тарихын жақсы білу керек.

Желтоқсан қаhармандары туралы, фильмдер мен қатысушы әрбір тұлға туралы деректі бейне баяндар Отандық теледидарлардан көптеп насихатталуға міндетті. Қайдағы жоқ,үнді, корея және басқа ұлттың пайдасыз сериалдарын сағаттап көрсеткенше ұлттық рвхты оятатын желттқсан батырлары туралы фильмдер түсіруге неге билік құлқысыз соған таңым бар.Қазір мына ел басына төнген аты жаман індеттің қаншама абыздар мен ардақты бауырларымызды ортамыздан жұлып алып кетіп жатқанын көріп жанымыз ауырып, өзекті өрт шалады.Сондықтанда кеш болмай тұрып билік басы желтоқсан батырларына сәлде болса назар аударып олардың өмір жолдарына жәрдем жасаса деген сөзді айтқым келеді.

Ия, қазір сәлде болса сең қозғалып,батырларымызға жақсы сөздерін жеткізіп жан жылытуын беруде. Менімше,сөзбен емес іспен қозғалыс жасау керек. Ел қорғаған батырын жоғалтқан ұлт барын жоғалтқан жұрт-деген сөз бар, Сонымен қатар сая болған ағашты отқа жақпа-дегенде қанатты сөздер бар. Сондықтанда осындай ел тәуелсіздігі үшін жанын аямай қанды күреске шыққан желтоқсанның батыр ұл-қыздарына деген құрмет пен қолдау орнын тапса екен. Бүгін Алматы қалсындағы ПҚ "Желтоқсан ақиқаты" республикалық париоттық қоғалысының Жетісу ауданындағы ардагер батырлары 35 жылдық мерейтой аясында бас қосып, естелікке суретке түсті.

Кешегі өрімдей жас бүгінде алды алпысты арты елуді еңсерген батырлар осындай кездесулерді сағына күтетіні анық. Көпке дейін, бір-бірімен шер тарқасып қия алмай барып тарқап жатты. Алланың көзі төзу болсын.Сендердің сол кездегі көзсіз ерліктеріңді алдағы уақыт тарих сахнасына атойлатып шығаратынына нық сенімдемін. Аман болыңдар айналайын ардақты желтоқсанның батыр ұл-қыздары. Уақыт бәріне төреші.

Ақын Ордабайұлы
Желтоқсан ардагері,ҚР Журанлистер одағының мүшесі.