Еліңнің елдігін сақтағың келсе-ана тіліңді ардақта.

Еліңнің елдігін сақтағың келсе-ана тіліңді ардақта.
жеке
блог

Ең бірінші,Тіл десек ойымызға не түседі? Қазақ халқында Қазақ тілінің ақуалы қандай? Неге кейбір жастарымыз өз тілін ұмыт қылып,өзге тілде сөйлеп жүр? 

Бүгінгі мақаламды осы ана тіліміздің яғни, қазақ тіліміздің қоғамдағы рөліне арнамақшымын.

Тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды құндылықтарының бірі-Тіл. Ана тіліміздің қасиеті-ана сүтімен дарып,бізге рух беретіндей.Қазақ тілі-мәдениетпен,салт-дәстүрмен тығыз байланыста болатын оның ажырамас бөлігі.Ол дүниені этникалық жағынан тануды өзіндік ерекшелікпен көрсетеді.Бүкіл әлемнің ұлттық бейнесі,мәдениеті сонымен қатар салт-дәстүрі ұрпақтарға тіл арқылы беріледі.Қазіргі қоғамда ана тілімізді құрметтей аламыз ба? Оны дәріптеп,өзгелерге насихаттай білеміз бе?

Біз әдетте,жан-жағымыздағы адамдарды сөйлеу мәнеріне,сөйлеу тіліне қарап танып,біле аламыз.Қазіргі таңда әр адам өзі қалаған тілімен сөйлейді.Оған ешкім де қарсы болып жатпайды.Әрине,әркім өзі білер,дегенмен,ана тіліміздің жағдайы не болмақ? 

Әлемде көптеген ұлт өкілдері бар. Тіпті, санына да жетпейсің, сол ұлттардың тілі,діні,мәдениеті де көбейіп келеді.Мыңдаған елдердің,мыңдаған тілі бар.Бір өкініштісі,жыл сайын тіпті,күн сайын олардың саны азайып келеді.

Мен неге тілдің жойылып кету қауіпін айттым? Себебі бұл біздің де басымызға келуі ғадап емес.Қаншама қазақтарымыз өз тілін біле тұра,білмегендей болады.Орыс тілінде сөйлеп,оларға еліктейді.Көбінесе жастарымыз қазақ тілін бұрмалап, өзгеше сөйлеп кетеді. Ия,өзге тілді білген өте дұрыс,бірақ өз тіліңді құрметтеуің шарт.Көпке топырақ шашпаймын,дегенмен осындай жастарымыздың бары бәрімізге белгілі.Менің пікірімше бұл мәселе қарастырылып келеді,сонда да оны ары қарай тереңдетуіміз керек деп ойлаймын.

Сондықтан әр адам өз тілін бағалап,оны ардақтау шарт.

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Сөзі жоғалған тілдің өзі де жоғалады—деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Бұл сөздің мағынасы терең әрі шындыққа негізделген.

Шынымен де, алып қарасақ әрбір ұлтқа тіл рух беріп тұрады. Елімізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданыста жүреді. Ірі жерлерде орыс тілінің басымдылығы жоғары болып кездеседі. Оңтүстікте қазақ тілі жақсы дамыған, әрі көп бөлігі біледі. Ал Солтүстікте орыс тілі жақсы дамыған, қазақ тілінің пайызы төмен. Егер біз қазақ тілінде қарым-қатынасты көбейтсек, ана тілімізде сөйлесек бұл көрсеткішті көтереміз. 

Біз өз тілімізді өзіміз сақтамасақ жойылып кетуі ғажап емес. Ұлттық мұраны қалыптастыра отырып, қазақ елінің болашағы үшін, өзіміздің болашағымыз үшін ана тілімізде сөйлеуіміз қажет..Қазақ тілінде сөйлеп оны ардақтап жүрген, құрметтеп жүрген жандар қаншама. Сондай жандарды көргенде қатты қуанып қаламын. Сол сияқты, ана тілінде сөйлейтін, оны насихаттай алатын, құдіреттілігін түсіне алатын жандардың көп болғанын қалаймын. 

Халықтың жүрегі оның тілі. Ал тіл жоғалса, халқы да құлдырай бастайды. Сол себептен, тілімізді ардақтай білейік. Қазақ тілінде сөйлейік. Қазақ атауына ежелгі кезден намыс жігері мол, қайратты, ер жігерлі ата-бабаларымыз жол салып кеткен. Сол жолды кірлетпей, болашаққа жеткізу ол жас ұрпақтың, яғни біздің қолымызда екенін ұмытпайық!