Әлемдік деңгейде таралған тағы бір вирус. Сауатсыздық
блог
21 ғасыр жалпы жастар үшін ғана емес ,күллі адамзат үшін жаңалығы мол әрі мүмкіншілігі көп кезеңнің нақ ордасы. Интелектуалды бағдарламалар кеңінен өріс алып, мамандандырылған технологиялар көш бастап тұрғанымен сауаттылық статистистикасы өрісін күннен күнге кемітуде. ЮНЕСКО статистикалық институтының 2017 жылғы ашық деректеккөздеріне сүйенетін болсақ , әлемде 617 млн жасөспірімдер мен балалар сауатсыздықтың тікелей құрбандары болған, бұл құрамдағы оқушы қауымы жалпы бастауыш оқу білімін меңгермеген топ өкілдері .Статистикалық деректер базасы бойынша бастауыш мектеп оқушыларының 387 млн-нан астамы (56%) және орта мектеп жасындағы (61%) 230 млн. жасөспірім білім асуларының ең төменгі деңгейін де меңгере алмаған.Берілген дерек сауатсыздық құрбандарының есебі бойынша төңкеріс жасайды .
Сауатсыздық.Сауатсыздық- жазу және оқу, түп-төркіні "әріптік сауаттылықтан" құр болу.Жазу және оқу білетін,бірақ оны сенасымен ұғына білмеудің өзі осы қатарды толықтырады. Өз кезегінде сауатсыздықтың басым болуы мемлекет ішіндегі әлеуметтік,экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтырады. XX ғасырдың 20-30 жылдарынан басталған "сауатсыздықты жою" науқаны әлі де болса мардымды нәтижеге ие бола қоймады. Заман талабына сай білім беру жүйесі орныққанымен жас буын үшін кері әсер етіп жатқандығы да бірден-бір фактор. Білімді беруші ұстаз болғанымен, оны қабылдаушы оқушы.Яғни,сауатсыздық-тұлғаның санасымен тікелей жұмыс жасайды. "Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғы дөңгелегі сонда жүреді" демекші,сұхбат алдында орыс тілінде әнші бұлбұлдарша сайрап,ана тілімізге келгенде тілдерін шайнап қалатын министрлермен мен депутаттардан бастау алған сауатсыздық мәселесі шимай-шатпақ болған үлбір жіпті қалпына келтірумен бірдей.Оның артынша оқулықтардағы олқы қателіктерді ескермеу, сірә, мүмкін емес болар. Басылымға шығып жатқан кітаптарды тексерумен айналысушы саны 1 тұлғамен ғана шектеліп қалмасы да анық.Салғырттық па әлде сауатсыздық па? Бұл да бір тілінен безген тілмаштардың қатарына балмұздақтай еріп қосылып бара жатқанымызға мысал бола алады. Сауатсыздық мәселесінің төңірегінде тек жоғарыдағыларға сыни пікір қалдыратын болсақ ақ парағымыз бірнеше беттерге жалғасары мәлім.
Ауызша және жазбаша сауатсыздықтың ең негізгі себебі үшін "кітап оқымау" немесе "телефонға телмірген уақыт" тіркесі қажеттілігі туындайды.Берілген алтын уақыттардың ішіндегі бос сағаттарды әдеби шығарма мен газет-журналға арнаушы тұлғаларды,нақтырақ айтар болсақ студенттер мен оқушыларды сирек кездестіреміз. Қараңғы түнде жолды жарықшам арқылы іздейтін болсақ,оларды "қызыл кітаптан" іздейтін күйге жеткендейміз. Осы тұста сауатсыздық мәселесі тіл мәселесімен бағытын тағы да бір арнаға бұрады,себебі,сауатсыздықтың бірден бір себебі-Ресей мединасы төңірегінде өмір сүру,күрмеуі шешілмеген бұл мәселе үшін "оқшаулану" термині Тәуелсіздікпен тең дәрежеге жетелейді.Орыс патшалығы тұсында белең алған отарлау саясаты әлі күнге дейін бойда да, ойда да қалып қалған шамасы. Сауатсыздық үшін-тіл мәселесінің маңызы өте зор... Ол-тек әріп пен оқу арасында жүрмейтін кең ауқымды,диапазонды мәселені құрайды.Мысалы,мәдени сауатсыздық, оның ішінде-өнер, музыка, тарих сыннамалары да жетерлік.Отанға сүйіспеншілік "экологиялық сауаттылықпен" өлшенеді.Теріс ағымдар нәтижесінде туындаған деструктивті әрекеттердің тұтануына түрткі болған-діни сауатсыздық та қарулы жолға жетелеген, қараңғы жолға бағдар беруші санадан тым алыс сипат алады.Сауатсыздықтың түпкілікті таралуы дәл қазіргі жүріп жатқан індет іспеттес,белгілі бір шектеулер қойып,әрекет етпесе мәселенің басын шешу қиынға соқпақ,етегі жанып жатқан адамның отты киімін шешпестен әрекет етуімен бірдей,не күйеді,не толығымен күлге айналады.
Сауатсыздық- дамуға кедергі келтіретін үлкен жау,ертеңгі уақытта да, қазіргі кезеңде де аса күрделі мәселеге айналған үлкен дау.Сауатсыздық жолында-Абай әрлеп , Жамбыл қосыла қобызымен тербетлткен тілдің аса маңыздылығын миға желімдей жапсыра қою керек. Сауаттылықты мемлекет,мемлекетті тіл сақтайды. Әлемде жүріп жатқан вирус 3 млн 800 мың адамды ажал құштыртып,175 млн 850 мың адамға таралды. Сауатсыздық дәл осы індет тәрізді қарастырылуы міндетті,осы уақытқа дейін бұл індет 750 млн адамның бойына дарып үлгерген. Короновирус-өне бойды, сауатсыздық-ми түпкіріндегі сананы улауда.Әлемді вирустай жаулаған сауатсыздықтың да емі бар болса керек...