БАЛАЛАРҒА   АРНЛАҒАН   БАЙҚАУ
жеке
блог

БАЛАЛАРҒА АРНЛАҒАН БАЙҚАУ

Қазақстан Республикасында 30 тамызда "Ата Заң" Конституция күні мерекесі жыл сайын атап өтіледі. Бұл мереке Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ГМ-172/8 мекемесі кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен ГМ-172/6,(түзеу мекемесі) ГM-172/8, (қоныс колониясы) ГМ-172/10 (тергеу изоляторы) мекемелері қызметкерлерінің балалары арасында да атап өткізілді.

Байқауға 5-7 және 8-11 жас аралығында 9 бала қатысты.  Балаларға байқау шарты бойынша Конституция күніне орай 1 сағат ішінде әртүрлі сурет салу керек.

Тапсырма орындауға берілген 1 сағат уақыт аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы балалар салған суреттерді қарап 1-2-3 орын иегерлерін анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген балаларға дипломдар, медальдар және байқауға қатысқан балаларға бағалы сыйлықтарды Департамент бастығы әділет полковнигі Басаров Жасталап Ерсайынұлы табыс етті.

Балалардың ата - аналары осындай байқауға қатысқандары үшін өз алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта осындай іс -шараларды жиі өткізу жоспарлануда.

ГМ-172/8 мекемесі кадр сасаты тобы әділет капитаны Нұрлан Ақтмуратов