АБАЙ КҮНІ

АБАЙ КҮНІ
жеке
блог

Ақтау қаласындағы тергеу изоляторында жазасын өтеуші сотталағандар арасында Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты тағлымды мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының құттықтау сөзімен басталды.

Шаруашылық жасақтың жазасын өтеуші Е.А.Абдурахмонов мерекелік іс-шараны жүргізді. А.Құнанбаевтің өмір баяны мен шығармашылғының  шығу тарихы бойынша түсіндіру ақпараттық бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шарада шаруашылық жасақ және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер сотталғандар Абай Құанбаевтың қазақ еліне кеңінен таралған өлең шумақтарын айтты.

Іс-шарада видео-проектор арқылы экранда викториналық сұрақтар қойылып ойындар ұйымдастырылды жазасын өтеушілер жауап беріп отырды. Жазасын өтеуші сотталған  Е.Абдурахмонов осы іс-шараға қатысқан сотталғандарға Ұлы Абайдың шығармашылығы, оның ұлылығы мен тың қырларын ашып, жаңа сырларына қанықтрып,оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігі  туралы айтып өтті.

Іс-шара соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының жазасын өтеушілерді мерекелік іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.