Мамандығым мақтанышым

Мамандығым мақтанышым
жеке
блог

Мамандығым-мақтанышым

Мен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "илософия және саясаттану" факультетінің 3-курс студентімін.Оқып жатқан мамандығым-"Дінтану".Яғни, болашақ дінтанушымын.Мұндай керемет мамандықтың бар екенін осындан 3 жыл бұрын тіпті білмеген де едім.


Мекепте оқып жүргенде ҚазҰУ-не түсуді армандап,болашағы жарқын,сұранысқа ие мамандық іздей бастағанмын.Осылайша, ҚазҰК-нің қабылдау бөліміне келіп,болашақ мамандығыммен таныстым.Әрине,басында дінтанушы деген сөзді естігенде "Мен сонда молда болам ба?" деген күлкілі сұрақ ойыма келген еді.Алайда, дінтану мамандығы дінді ғылыми тұрғыдан зерттейтін саяси мамандық.Қазіргі таңда дінтану мамандығы елімізге ауадай қажет!


Бұл мамандықты игерсем, дінтанушы ретінде КНБ-да, жергілікті әкімшілікте, ҚМБД-да, мемлекеттік мекемелерде сарапшы немесе кеңесші сондай-ақ ЖОО-да оқытушы.Ал,ең бастысы университет бітірген соң,жұмыс таппаймын деген мәселе жоқ.Жергілікті әкімшілік органдарының басшылары өздері келіп,4-курс студенттерін жоғарғы жалақылы жұмысқа таңдап алады.
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек-мамандық таңдау және жартаңдаудан.Дінтану мамандығы әр ұлттың дінін,салт-дәстүрін,наным-тыйымдарын әрі мемлекет пен діннің байланысын зерртейді.Қоғамдағы діни мәселелерді шешіп,халыққа сауатты үгіт-насихат жасап,діни адасушылықпен күреседі.


ҚазҰУ-нің дінтану мамандығында оқу мен үшін үлкен мақтаныш.Оқытушыларымызлың білім беру сапасы өте жоғары деңгейде.Кафедраның үздік оқытушылары  Мұқан Н, А.Құрманалиева, Д.Өтебаева, Н.Әлтаева, Е.Аскенұлы, Н.Абдуллаев  есімді ұстаздарға алғысым шексіз.


Болашақ түлектер,сіз мамандық таңдауда қиналып жатсаңыз,әрі математикаға қарағанда,гуманитарлық пәндер жағынан қабілетті болсаңыз,дінтану мамандығы дәл сіздерге арналған!Дінтануға жыл сайын 50-ден аса мемлекеттік грант бөлінеді.Осы мамандықты меңгерген әрбір талапкер болашаққы нық сеніммен қарап,сұранысқа ие маман болатынына еш күмәнім жоқ!

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Философия және Саясаттану факультеті

Дінтану мамандығының 3 курс студенті:

 Жармұхаметқызы Әсем

Жетекшісі:  Мұқан  Нұрзат

Практика жетекшісі : Әскенұлы Елнұр