Сіз білмейтін әлем қызықтары

Сіз білмейтін әлем қызықтары
жеке
блог

Ғажайып жарыстар

Жылау жарысы. 1986 жылы Америкада өткізілген жылау жарысында 19 жастағы Клор Хад есімді бойжеткен төрт сағат жиырма бір секунд жылап, жүлде алған.
Дабыл қағу жарысы. Америкалық Лаурент Лей 1982 жылғы 22 қыркүйектен бастап қаққан дабылды 3 қарашаға дейін жалғастырып, мың сағат алты минуттық нәтижемен жүлде алған.
Теледидар көру жарысы. Аустралияда өткен бұл жарыста 24 жастағы Деви Уз Синей есімді жігіт 168 сағат (7 тәулік) теледидар көріп, бас жүлдені еншілеген.
Голландия елінде мынадай ғажайып сақтандырулар бар: 

Егер балаңыз өзінікі емес, әйелінің көңілдесінікі болса, отағасына 500 еуро сақтандыру ақысын төлейді.
Егер сізді басқа ғаламшарлықтар барымталап әкетсе және мұны ғарыш кемесі қызметкерлері куәландыраса, онда сіздің отбасыңызға 5000 еуро төлейді.
Егер кілтіңізді үйге ұмытып, кіре алмай қалсаңыз, онда компания сол кездегі уақыт пен аптаға негізделе отырып, сізге 100 еуро төлейді.
Егер мемлекет арақ ішуге тыйым салып, сіз заңды түрде арақ іше алмай қалсаңыз, онда 500 еуро төлем ақыға ие боласыз.
Жергілікті дін өкілдері Құдайға сыйынып, тілегі қабыл болмаса, 100 еуро төлем ақыға ие болады.
Егер біреулер сізді жасырын суретке түсірсе, онда 1000 еуро төлем ақыға ие боласыз.
Өсімдіктер әлемі

Жер бетіндегі ең ұзын өсімдік – Бразилия орманында өсетін «Оңтүстік Америка сары лениясы» атты өсімдік. Ұзындығы 1800 метрге жетеді.
Ең ұзақ жасайтын өсімдік – Аустралияда өсетін Сигас ағашы. Шамамен 12-15 мың жыл өмір сүреді.
Ең үлкен өсімдік – Калифорния штатындағы Генерал Шерман деген ағаш. Биіктігі 83 метр. Діңінің ұзындығы 31 метр. Ауырлығы шамамен 6 мың тонна.
Ең кішкене гүл – Әнжүр ағашының гүлі. Оны тек микроскоппен ғана көруге болады.
Жапырағы қурамайтын өсімдік – Анголада өсетін ангола ағашы. Жапырағы 100 жыл өтсе де, қурамайды.